Популярные темы

«Карантиннен кейінгі өмір мүлде басқаша болады»

Дата: 14 апреля 2020 в 16:43 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша



Коронавирус инфекциясы анықталған елдер бірден төтенше жағдай жариялап, халықтан үйден шықпауын сұрады. Себебі, бұл вирустың тарауын сәл де болсын тоқтады. Ол үшін әлеуметтік желіде арнайы #stayhome хештегі пайда болды. Алайда дүниежүзіндегі карантин режимі қашан аяқталатыны, коронавирустан кейінгі өмір қандай болатыны әлі белгісіз. Tengrinews.kz тілшісі осы мәселеге байланысты сарапшылардың болжамына шолу жасады.  

«Карантиннен кейінгі өмір мүлде басқаша болады»

Тайга.инфо басылымының аналитика бөлімінің басшысы Алексей Мазура дүниежүзі халқының карантиннен кейінгі өмірі мүлде басқаша болады деген пікірде. Мазураның ойынша, көптеген ел санитарлық тексерісті қатаңдата бастайды.

«Енді шетелге шығу үшін тек виза емес, сонымен қатар, медициналық анықтама керек болады. Ұшаққа дене қызуы көтеріліп тұрған адамдарды кіргізбейді, ал ауруын жасырып қалғысы келген адамдарға айыппұл салынады. Шетелден келген адамдар медициналық тексерістен қайта өтіп, карантинге жатқызылуы мүмкін», — дейді Алексей Мазура.

Сарапшы карантин аяқталған уақыттан кейін қабылдануы мүмкін тағы бірнеше қызық дерек келтірген.

«Медициналық кепілдік қымбаттайтындықтан сәйкесінше туристік сапарлардың бағасы өседі. Коронавирусқа қарсы вакцинаны жыл сайын міндетті түрде жасату керек болады. Сонымен қатар, қол алысып амандасуға тыйым салынуы мүмкін. Қазірдің өзінде бірнеше ел амандасудың бұл түрінен бас тартқан», — дейді маман.

Алексей Мазураның ойынша, көптеген мейрамхана мен кафе жабылуы мүмкін. Адамдар оның орнына көбіне жеткізу қызметін пайдалана бастайды екен.

«Карантин әр отбасына әрқалай әсер етеді»

Психотерапевт Амина Назаралиеваның сөзінше, карантиннің кесірінен ажырасу көп болуы мүмкін. Ал кей отбасылар, керісінше, нығая түседі. 

«Ажырасудың түрлі себебі болуы мүмкін. Ол жанұяның жағдайына байланысты. Көбіне жағдай төмен, кедей отбасылардың асыраушысы жұмысынан айырылса, ақша тапшылығы болса, карантиннен зардап шегуі мүмкін. Ол, әрине, адамды стреске түсіріп, жағдайды ушықтырып жібереді», — деді психотерапевт РИА Новостиге.

Маманның айтуынша, карантин отбасы мүшелерінің жақын араласып, жылы қарым қатынас орнатуына ең қолайлы сәт.

«Уханда жағдай оңала бастады» — коронавирус туралы жағымды жаңалықтар

«Әрбір елде адами рухтың күші жоғары екенін көріп отырмыз»

Америкалық дипломат Николас Бернстің сөзінше, COVID-19 пандемиясы адамзат тарихындағы ең ірі жаһандық дағдарыстың біріне айналған. 

«Оның тереңдігі мен ауқымы шексіз. Қоғамдық денсаулық сақтау жүйесіндегі дағдарыс 7,8 миллиард адамның әрбірінің денсаулығына қауіп төндіріп тұрғанын көріп тұрмыз. (...) Бірақ, бұған қарамастан, біз әрбір елде адами рухтың күші жоғары екенін көріп отырмыз. Дәрігерлер, медбикелер, саяси басшылар және қарапайым азаматтар төзімділік танытып, көңіл көншітерлік нәтижеге қол жеткізіп отыр. Осы арқылы дүниежүзі халқы аумалы-төкпелі заманда бірігіп, жеңіске жетеді деген үміт ұялатады», — деген екен дипломат.  

Жұмыссыздық деңгейі жоғары болады

Украиналық сарапшы, Қару иелері қауымдастығының басшысы Георгий Учайкиннің сөзінше, егер карантин тағы да екі айға созылатын болса, жұмыссыздық деңгейі жоғары болады.

«Бұл көше қылмысының ұлғаюына әсер етуі мүмкін. Мұндай кезде құқық қорғау органдары шарасыз қалады, сондықтан адамдар өзін өзі қорғауға тура келеді», — дейді сарапшы.

Коронавирустың жаппай таралуы қашан аяқталады? Мамандардың болжамы

Жаңа банкрот елдер пайда болады

Америкалық дипломат Ричард Хаасстың айтуынша, көптеген елге қайта аяққа тұру қиын болады.

«Көптеген мемлекеттің басқаруы әлсіреп, жағдайы төмен елдердің қатары көбейеді. Бірақ жақсы тұстар да болады. Мәселен, денсаулық сақтау жүйелері дамып, оны басқару да ретке келеді», — дейді дипломат.

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями