Популярные темы

Хэнань провинциясында бір науқас қана емделіп жатыр. Қытайдағы қазіргі жағдай қандай?

Дата: 13 апреля 2020 в 17:33 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Хэнань провинциясында бір науқас қана емделіп жатыр. Қытайдағы қазіргі жағдай қандай?

Дүниежүзі бойынша коронавирус жұқтырғандардың саны 1,8 миллионнан асып, қайтыс болғандардың саны 115 мыңға жуықтады. Алғашында Қытайдың Ухан қаласында инфекция тарағаны туралы ақпарат 2019 жылдың желтоқсан айының соңында белгілі болды. Сөйтіп, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирусты пандемия деп жариялады. Бастапқыда коронавирус жұқтырған адам саны бойынша көш бастап тұрған Қытай елі бүгінде дүниежүзі елдерінің арасында жетінші орында. Қытайдағы қазіргі жағдай қандай? Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі материалында.

Қытай коронавируспен қалай күресті?

Ашық дереккөздердің мәліметіне сүйенсек, ең алдымен Қытайдың Ұлттық банкі коронавирустың тарауына байланысты шамамен 600 миллиард юаньды жаңа банкнотамен айналымға шығарған. Ескі купюраларды дезинфекциялап, артынша 7-14 күн аралығына карантин уақытына қалдырып қойған. Одан бөлек, Нанкин қаласында 13-15 наурыз аралығында жеңіл атлетика бойынша әлем чемпионаты өтуі керек болған. Бұл шара 2021 жылға қалды.

Ухан қаласы 23 қаңтар сағат 10:00-ден бастап толығымен карантинге жабылды. Әуе қатынасы, қалаға кіріп-шығатын темір жол қатынасы, қоғамдық көліктер, метро жүйесі және қалааралық автобустардың жұмысы тоқтатылды. Ухан тұрғындарының қаладан шығуына тыйым салынды.

23 қаңтарда Уханнан бөлек Хуанган (6 миллион адам), Эчжоу (1 миллион адам) бірден карантинге жабылды.

© REUTERS

Көрсеткіш күн санап төмендеп келеді

Бүгінде Қытайда коронавирус жұқтырған адам саны бойынша ауру ошағы болып саналатын Хубей провинциясы көш бастап тұр: барлығы 67 803 адам. Бұл жалпы сан. Оның ішінде жазылып шыққаны — 64281 адам. Провинция бойынша 3219 адам коронавирустан көз жұмып, 303 адам әлі ем алып жатыр.

Екінші орында тұрған Гуандун провинциясындағы көрсеткіш әлдеқайда жақсы. Мәселен, провинцияда барлығы 1552 адам COVID-19-ды жұқтырып, оның 1443-і жазылып шыққан. Бүгінде Гуандунда 101 адам әлі ауруханада жатыр.

Хэнань провинциясы Қытайдағы коронавирустың тарау көрсеткіші бойынша үшінші орында тұрған аймақ. Бастапқыда инфекцияны жұқтырған 1276 адамның бүгінде тек біреуі емделіп жатыр. Себебі 1253 адам жазылып шыққан, 22 адам қайтыс болған.  

Айта кетейік, бұл 12 сәуір бойынша мәліметтер. Жалпы сәуірдегі ақпаратқа көз жүгіртсек, аталған үш провинциядағы көрсеткіш күн санап төмендегенін аңғаруға болады. Мәселен, 11 сәуірде: Хубейде барлығы 320 адам, Гуандунда 103 адам және Хэнаньда 2-ақ адам ауруханада жатқан.

Қытайдағы коронавирус инфекциясына қатысты жағдай тек үш провинция да емес, жалпы ел бойынша жақсарған. Мысалы, соңғы тәулікте ел бойынша коронавирус жұқтырған 99 адам анықталған. Оның 97-сі шетелден келгендерден анықталған. Алайда соңғы тәулікте коронавирус инфекциясынан қайтыс болған адам тіркелмеген.

Сонымен, бүгінде Қытайда барлығы 82 160 адам COVID-19 жұқтырып, оның 77 663-і жазылып шыққан. Коронавирус инфекциясы 3341 адамның өмірін қиған. Жалпы аспан асты елінде 1138 адам ауруханада жатыр, 139 адамның жағдайы нашар. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями