Популярные темы

Шымкентте коронавирустан қайтыс болған адамның ұлы оқшауланды

Дата: 05 апреля 2020 в 15:23 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Шымкентте коронавирустан қайтыс болған адамның ұлы оқшауланды

Науқас бүгін түнде реанимациялық бөлімде қайтыс болған. Бұл туралы Хабар24 телеарнасының онлайн-брифингінде Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқарма басшысының орынбасары Айгүл Бекбауова айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

«Шымкент қаласында коронавирустан бір науқас көз жұмды. Науқас — 1964 жылы дүниеге келген, Түркістан облысы Мақтаарал ауданы Атакент елді мекенінің тұрғыны. Науқас 3 сәуір күні Шымкент қаласының жұқпалы ауруханасына жатқызылған. Науқас жүк көлігінің жүргізушісі болған. Мәскеу — Алматы маршруты бойынша Шымкент қаласына транзитпен тоқтаған. Температурасына шағымдануына байланысты жедел жәрдем көмегімен науқас инфекциялық ауруханаға стационарға жатқызылған. Оның ауру жағдайына байланысты реанимациялық бөліміне ИВЛ аппаратына қосылған, — деді басқарма басшысының орынбасары.

Бүгін түнде науқас реанимациялық бөлімде қайтыс болған. Науқаспен қарым-қатынаста болған ұлы Алматы қаласында оқшауланып, стационарға жатқызылған.

Еске салайық, бүгін Шымкентте коронавирустан өлім дерегі тіркелді. Бұл  — коронавирус індетінен болған алтынша өлім жағдайы. Бұған дейін қайтыс болғандар Нұр-Сұлтан қаласында 1 адам, Ақмола облысында 2 адам, Қарағанды облысында 1 адам және Түркістан облысы 1 адам тіркелді. 

Коронавирустан алғашқы адам өлімі 26 наурызда тіркелді. Қайтыс болған 64 жастағы әйелдің кейінірек Алматыға құдалыққа барғаны анықталды. 

Екінші өлім жағдайы 31 наурызда Нұр-Сұлтанда тіркелді. 50 жастағы науқас 2020 жылдың 21 наурызында жедел медициналық жәрдем бригадасымен ауруханаға жатқызылған. Бір ай бойы ауырып, медициналық көмекке жүгінбеген. Жұмысы жиі іссапарға шығумен байланысты болған.

1 сәуірде Қарағанды облысында коронавирустан қайтыс болған адам тіркелді. Төртінші жағдай кеше 4 сәуірде Түркістан қаласында тіркелді. Сонымен қатар, кеше тағы бір өлім жағдайы анықталды. Бесінші оқиға Ақмола облысында тіркелген еді.  

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 
 

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями