Популярные темы

Алматыда 79 бала карантинде жатыр

Дата: 03 апреля 2020 в 13:33


Алматыда 79 бала карантинде жатыр

Алматыдағы провизорлық орталықтарда бүгінде 613 адам карантинде жатыр, оның ішінде 79-ы бала, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев Алматы ӨКҚ Facebook онлайн-брифингінде айтты.

«3 сәуір күні таңертең Алматыда коронавирустық инфекцияны жұқтырудың расталған 91 жағдайы тіркелді. Қазіргі уақытта инфекциялық стационарларда 79 пациент емделіп жатыр. Олардың бірі Алматы облысының тұрғыны. 66 науқастың жай-күйі — қанағаттанарлық. 2 ересек адамның жай-күйі — ауыр, 11 ересек адамның жай-күйі — орташа ауырлық деңгейінде (олардың біреуі облыстан). Жаңадан анықталған жағдай байланыста болған қатарынан», — деді басқарма басшысы.

Спикердің айтуынша, Алматыда сауығып шыққан 13 адам бар. Олардың екеуі – бала.

«Бүгінде инфекциялық стационардан коронавирустық инфекциядан сауығып, тағы екі пациент ауруханадан шығарылды. Бұл екі әйел, біреуі 15 наурызда Ыстамбұл-Алматы рейсімен, екіншісі 22 наурызда Мысырдан ұшып келген. Жалпы, сауығып ауруханадан шығарылғандар саны — 13 адам, оның ішінде екеуі бала, — деді Әбілдаев.

Сонымен қатар, қазір 79 бала провизорлық орталықтардағы карантинде жатыр.

«Провизорлық орталықтарда бүгінде 613 адам карантинде жатыр, оның ішінде 79-ы бала. Екі күндік карантинде 446 азамат, үйдегі карантинде — 4411 адам», — деп қосты басқарма басшысы.

Айта кетейік, қазір елімізде 448 адам коронавирус жұқтырған. 28 адам сауығып шықты, 3 адам қайтыс болды.

Поделитесь новостью с друзьями