Популярные темы

Коронавирустан қайтыс болған әйелге қатысты жаңа дерек шықты

Дата: 27 марта 2020 в 11:03 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Коронавирустан қайтыс болған әйелге қатысты жаңа дерек шықты

Қайтыс болған әйел 13-17 наурыз аралығында Алматы және Шу қалаларында қонақта болған. Бұл туралы Ақмола облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сүлен Ілиясов Хабар24 телеарнасындағы онлайн-брифинг барысында айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Кеше Ақмола облысы Қосшы ауылының 64 жастағы азаматы екіжақты өліміне пневмония, тыныс алу жолдарының тарылуы, қант диабеті себеп болды. Пневмонияға COVID-19 індеті себеп болды. Әйел 25 наурыз күні таңғы 7-де жедел жәрдеммен жеткізілді», — дейді ол.

Оның айтуынша, науқас алдын ала ЖРВИ деп танылып, коронавирусқа күдікті болған. Бірден Целиноград ауданы №2 Көпбейінді облыстық аурухананың жансақтау бөліміне оқшау жатқызылған.

«Туыстарының айтуынша, ЖРВИ, КВИ жұқтырғандармен байланыс жасамаған, шетелге шықпаған. 13-17 наурыз аралығында Алматы және Шу қалаларында қонақта болған. Науқаспен байланыс жасағандар анықталды, оқшауланды, КВИ анализдері алынды. 26 наурызда Ақмола облысында коронавирус індетін жұқтырған бірінші жағдай тіркелген болатын», — деді басқарма басшысы.

Айта кетейік, кеше Қазақстанда коронавирустан бір адам қайтыс болғаны хабарланған.

Соңғы мәлімет бойынша, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 121-ге жетті.

По сообщению сайта TengriNews

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями