Популярные темы

Коронавирус: Алматыда бүгін тіркелген науқас Нью-Йорктен келген

Дата: 26 марта 2020 в 19:23


Коронавирус: Алматыда бүгін тіркелген науқас Нью-Йорктен келген

Бүгін Алматыда коронавирус жұқтырғандардың жағдайы туралы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев Хабар24 телеарнасындағы онлайн-брифинг барысында айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Бүгін тіркелген науқастардың ішіндегі 1991 жылы туған науқас 21 наурызда Нью-Йорк — Мәскеу — Алматы рейсімен ұшып келді. Коронавирус анықталған қалған адамдар коронавирус расталған адамдармен байланысты болған. Тіркелген 40 науқастың, екеуі — бала», — деді Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысы.

Айта кетейік, 2020 жылдың 26 наурызы сағат 16.20-дағы жағдай бойынша Қазақстанда коронавирус індетін жұқтырған 109 науқас тіркелді.

Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 61 адам, Алматы қаласында — 40 адам, Қарағанды қаласында — 2, Шымкент қаласында — 2 адам, Алматы облысында — 1 адам, Ақтөбе облысында — 1 адам, Жамбыл облысында -1 адам, Солтүстік Қазақстан облысында — 1 адам жалпы 109 науқас тіркелді.

Сонымен қатар, Қазақстанда 2 адам коронавирустан емделіп шықты.

По сообщению сайта TengriNews

Тэги новости: Алматы
Поделитесь новостью с друзьями