Популярные темы

Өміршең өнеге

Дата: 01 февраля 2020 в 17:52 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Өміршең өнеге

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласына орай «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамы Ақтөбе облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтында «Ұлы халықтың ұлы Абайы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Шараға зиялы қауым өкілдері, ғалымдар, институттың оқытушы–профессорлар құрамы, сертификатталған тренерлер мен облыстың педагогтары қатысты.

Басқосуда институт директорының орынбасары, педагогика ғылымдарының кандидаты Асқар Аймұқатов сөз сөйлеп, Президенттің мақаласында айтылған ойлар, қойылған мақсат-жоспарларға тоқталып өтті.

Бұдан кейін ҚР Әлеуметтік ғылымдар академиясының академигі, философия ғылымдарының докторы, профессор Алтай Тайжанов Мемлекет басшысы мақаласындағы «Ұлттық болмыстың үлгісі», «Мемлекет ісінің мүдделесі», «Жаңа қоғамның жанашыры», «Әлемдік мәдениеттің тұлғасы», «Торқалы тойдың тағылымы» атты әрбір тарауларына жеке-жеке тоқталып, өз ой-пікірін жеткізді.

Сондай-ақ жиында облыстық «Рухани жаңғыру» бағдарламасын басқару орталығының әлеуметтік және мәдени жобалар бөлімінің маманы Данагүл Нұрмұхамедова ұлы гуманист ақынның педагогикалық, тағылымдық мұраларының мәні мен маңызы өміршең екендігін айтып, Абайдың шығармашылығына тоқталды.

Сондай-ақ шарада педагогтар ақынның ағартушылық тұжырымдары жайлы пікірлерін жеткізіп, өз ойларын айтты.

Марал ӘДІЛХАНОВА,

магистр.

Ақтөбе қаласы.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями