Популярные темы

Айыппұлдарды уақтылы төлеңіз!

Дата: 01 февраля 2020 в 17:52


Айыппұлдарды уақтылы төлеңіз!

Полиция басқармасы қала тұрғындары мен қонақтарына қоғамдық тәртіпті, жол қауіпсіздігін бұзғаны үшін әкімшілік айыппұлдарды уақтылы төлеу туралы ескертіп отыр.

Егер айыппұлдарды уақтылы төлемеген жағдайда ол ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодексінде белгіленген тәртіппен мәжбүрлеп өндіріліп алынады.

«Төлем құқығын қысқартылған түрде қолдануды ұсынамыз, яғни әкімшілік айыппұл салғаннан кейін 7 күн ішінде осы айыппұлдың жартысын, яғни 50 пайызын ғана төлеуге құқығыңыз бар. Ал жеті күн ішінде төленбеген жағдайда, оны толық төлеу қажет болады. Заңды білмеу жауапкершіліктен босатпайтынын әрқашан есте сақтау керек», — деп хабарлайды полиция басқармасының баспасөз қызметі.

М.ТАБЫН.

Поделитесь новостью с друзьями