Популярные темы

Жас балуандарымыз ел чемпионы атанды

Дата: 01 февраля 2020 в 17:32 Категория: Новости спорта


Жас балуандарымыз ел чемпионы атанды

Грек-рим күресінен Щучинск қаласында 2003-2004 жылғы кадеттер арасында өткен Қазақстан чемпионатында ақтөбелік балуандар командалық есепте жеңімпаз атанды.

Аталмыш жарыс кезең-кезеңімен өтіп, әр салмақта үздік шыққан жас спортшылар Әлем және Азия чемпионатына іріктеледі. Жалпыкомандалық есепте жерлестеріміз 2 алтын, 3 қола медаль жеңіп алды. Облыстық күрес федерациясының мәліметінше, біріншілікке еліміздің барлық облысынан және жекелеген спорттық клубтардан 25 команда қатысып, 10 салмақта жүлделер жиынтығын сарапқа салған.

Облыс атынан сынға түскен Ерасыл Кенганов 60 келіге дейінгі салмақта, Диас Сайлау 48 келіде алтын алды. Бұл жарысқа Ерасылды Айбек Пұсырманов, Диасты Жасұлан Қойлыбаев даярлаған болатын.  Екі жеңімпаздан бөлек, 45 келіде Бекзат Мырзағалиев, 55 келіге дейінгі салмақта Сайфулла Құрман, 80 келіде Рахат Бержанов үздік үштікке енді. Облыстың жасөспірімдері чемпионатқа жеке бапкерлерімен қатар, құраманың аға жаттықтырушысы Аслан Қуанбаевтың жетекшілігімен аттанды.

Жас балуандарға Азия, Әлем біріншіліктеріне қатысуға мүмкіндік беретін чемпионаттың келесі кезеңі көктемде Алматы қаласында ұйымдастырылмақ. Ол жерде Біріккен Әлемдік Күрес бюросының мүшесі, Азия күрес кеңесінің президенті Дәулет Тұрлыхановтың жүлдесіне арналған дәстүрлі турнир өтеді. Ақтөбе облысының грек-рим құрамасы соңғы рет 2009 жылы 2-Спорттық жастар ойындарында тұғырдың ең биік сатысына көтерілген болатын.

                                                                                                            Бекет АЙСҰЛТАН.

Тэги новости: Новости спорта
Поделитесь новостью с друзьями