Популярные темы

FLYARYSTAN: АҚТӨБЕ — НҰР-СҰЛТАН. Билет бағасы 7999 теңгеден басталады

Дата: 25 января 2020 в 10:32


FLYARYSTAN: АҚТӨБЕ — НҰР-СҰЛТАН. Билет бағасы 7999 теңгеден басталады

FlyArystan компаниясы Ақтөбе мен Нұр-Сұлтан қалаларын байланыстыратын жаңа рейс ашатыны туралы хабарлады. Әуе байланысы алдағы 28 ақпаннан бастап 180 орынды реактивті Airbus A320 әуе лайнерлерімен аптасына 4 рет — сейсенбі, бейсенбі, жұма мен жексенбі күндері жүзеге асатын болады.

Екі шаһар арасындағы біржақты байланыс құны 7999 теңгеден басталады, ал аталмыш баға нарықта ұсынылып отырған бағадан 44% арзан. Рейстің ұшу ұзақтығы 2 сағаттан кем болмақ. Ал билеттер бүгіннен бастап flyarystan.com сайтында қолжетімді.

«Былтыр жазда біз Ақтөбеде бекет ашу туралы хабарлаған болатынбыз, бұл жұмыс үстіміздегі жылдың екінші тоқсанына жоспарланып отыр. Біз бекеттің ресми ашылуын күтпей жаңа рейстерді қыста іске қосуды жөн көрдік», — деп хабарлады компанияның басқарушы менеджері Тим Джордан.

FlyArystan-ның сату және маркетинг бөлімі директоры Жанар Жайлауованың ойынша, Ақтөбе — Нұр-Сұлтан сұранысқа ие бағдарлардың бірі, осы себепті бұл рейс бірінші болады. «Әдеттегідей екі арадағы рейстер бұрындары басқа көлік түрлерімен қатынап жүрген жолаушылармен толы болатынына кәміл сенеміз. Бұл ішкі нарықтың дамуына, яғни Ақтөбе мен Нұр-Сұлтан тұрғындары арасындағы жолаушылар тасымалын ұлғайтуға мүмкіндік береді», — деп компания басшылығы ойымен бөлісуде.

2020 жылдың екінші тоқсанында Ақтөбеде ашылатын бекетте 120 шақты жергілікті ұшқыштар, бортсеріктер, инженерлер мен жерүсті қызметінің мамандары қызмет атқаратын болады.

Н.ДОСОВ.

Поделитесь новостью с друзьями