Популярные темы

Татулық темірқазығы

Дата: 25 января 2020 в 10:22


Татулық темірқазығы

Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығына арналған аудандар арасындағы мерекелік эстафетаХромтау ауданынан бастау алды.

«Татулық темірқазығы — Қазақстан халқы Ассамблеясына 25 жыл» тақырыбымен өткен салтанатты шараға облыстық ҚХА хатшылығының меңгерушісі Маржан Қорғанбаева, «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры Нұрхан Ағниязов, Хромтау ауданының әкімі Нағымжан Алдияров, Аналар кеңесінің мүшелерімен Хромтау қаласының тұрғындары қатысты.

Облыстық Ассамблея өкілдерін музыкалық ансамбльдің өнерпаздары «Тойбастар», «Балбырауын» күйлерімен күмбірлете қарсы алды. Одан әрі делегация құрамы Хромтау ауданын мекен еткен түрлі этнос өкілдерінің (армян, белорусь, эстон, татар, т.б)  ұлттық ас мәзірлерінен дайындалған көрмені тамашалап, дәм татты.

ЕліміздіңӘнұранымен басталған салтанатты шараның алғы сөзін аудан әкімі Нағымжан Алдияров алып, қатысушыларды татулық қазығына айналған Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығымен құттықтады.

— Бүгінде Хромтау ауданында 18-ден астам түрлі ұлт өкілдері тату-тәтті өмір сүруде. Олар ауданымыздың дамуы жолында бір үйдің баласындай ел болашағы үшін қызмет етуде. Мұның барлығы ел саясатының негізгі бағыттарының бірі —  ауызбірішілікке үндейді, —деді Нағымжан Алдияров.

Одан әрі хатшылық меңгерушісі Маржан Қорғанбаева аудан орталығына келгендегі сапарының негізгі мақсатына тоқталып, мерекелік эстафета символын аудан басшысына тарту етті.

Ел ішіндегі бірлік пен татулықты ту еткен аудандық шығармашылық ұжымдары мен оқушылар Қазақстанды мекен ететін ұлттардың мәдениеті мен салт дәстүрінен сыр шертетін концерттік бағдарламаларын ұсынды.

Салтанатты шараның соңында хромтаулықтар бірауыздан «Бір ел, бір тағдыр, бір халық!» ұранымен эстафетаны қабылдады.

Бұдан әрі облыстық ҚХА хатшылығының меңгерушісі Маржан Қорғанбаева бастаған топ аудан әкімдігі жанынан құрылған «Қоғамдық келісім»кеңесі мен Аналар кеңесінің мүшелерімен кездесті.

Аудан әкімі Нағымжан Алдияров Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдық мерейтойын кеңінен мерекелеу аясында жұмыстар жүргізілетінін хабарлап, хромтаулықтарды қоғамдық келісім мен бейбітшілікке бастайтын іс-шараларға белсене қатысуға шақырды.

А.ҚАЛДЫБЕК.

Поделитесь новостью с друзьями