Популярные темы

Тазалық пен тәртіпке шақырады

Дата: 23 января 2020 в 12:52


Тазалық пен тәртіпке шақырады

Ақтөбе станциясындағы желілік полиция бөлімінің ұйымдастыруымен 20-24 қаңтар аралығында тәртіпсіздік пен құқықбұзушылыққа «Мүлдем төзбеушілік» атты кең көлемді акциясының бірінші кезеңі өтіп жатыр.

Акцияның мақсаты — азаматтардың құқықтық санасы мен мәдениетін арттыру. Халық арасында қоғамдық тәртіп пен азаматтардың тыныштығына әсер ететін ұсақ құқықбұзушылықты болдырмау. Ең бастысы — тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

— Акцияның алғашқы күні 31 әкімшілік құқықбұзушылық анықталды. Оның ішінде қоғамдық орындарда мас күйінде жүру, теміржол вокзалы аумағында, перронда қоқыстарды кез келген жерге лақтыру, тағы басқа фактілер тіркелді.  Тұрғындар қалашығы маңындағы теміржолды рұқсат етілмеген жерден кесіп өткен 20 адамға ескерту жасалып, сол жердегі тұрғындарға түсінік жұмыстары жүргізілді. Мұндай іс-шаралар 4 күн бойы жалғасып, құқықбұзушылықтарды ескерту және анықтау жұмыстары жүргізіледі, — дейді Ақтөбе станциясының желілік полиция бөлімінің әкімшілік полиция бөлімшесінің бастығы Жәкен Артықов.

Самат НАРЕГЕЕВ.

Поделитесь новостью с друзьями