Популярные темы

Жаңа технология және мемлекеттік қызмет

Дата: 10 января 2020 в 21:02 Категория: Новости высоких технологий


Жаңа технология және мемлекеттік қызмет

Бүгінде жаңа технологиялар халық өмірінің бір бөлігіне айналып, жыл сайын олардың ұстанымы нығая бастады. Көптеген адамдар үшін жаңа технология өмірдің ажырамас бөлігіне айналды. Оның зияндығынан гөрі тиімді жақтары әлдеқайда көп.

Сымсыз желі байланысы, күрделі бағдарламалар, серпін және басқа да адамдарға жат құрылғылар адамдардың өмірін жеңілдетуге, еңбегін азайтуға бағытталып жасалады.

Қазіргі таңда «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы зейнеткерлікті проактив әдісімен рәсімдеу бойынша пилоттық жобаны іске қосты.

Аталған пилотты жүзеге асыру жөніндегі бірлескен бұйрыққа ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі қол қойды. Жоба әзірге «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының зейнет жасына жететін қызметкерлерін қамтиды.

Зейнеткерлікке шығу барысында дәстүрлі түрде халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы жасына байланысты зейнетақы төлемдерін, мемлекеттік базалық зейнетақы төлемдерін және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақы төлемдерін тағайындау мемлекеттік қызметтері рәсімделеді. Бұдан былай халыққа қызмет көрсету орталығына бару қажеттілігі болмайды.

Зейнет жасына толғанға дейін 10 күн бұрын болашақ зейнеткерге қызметті проактивті түрде рәсімдеуге ұсыныс білдіретін смс-хабарлама жолданады. Келісім берілген жағдайда, кадр бөліміне алдын ала тапсырылған құжаттар электронды түрде жауапты мемлекеттік органның мақұлдауына жіберіледі.

Айта кету керек, зейнеткер жұмыс берушісінің кадр бөліміне алдын ала еңбек өтілі, зейнеткерлік жүйеге қатысуы сияқты мәліметтерді ұсынады, бұл ақпарат, өз кезегінде, еңбек келісімдерін есепке алу бірыңғай жүйесіне енгізіледі.

Аталған мемлекеттік қызмет түрінің жеңілдетілген үрдісі көпшіліктің көңілінен шықты десек те болады. Композитті түрде мемлекеттік көрсетілетін қызмет түрлерін арттыру мақсатында 2020 жылы қызмет көрсету процесін оңтайландыру үшін 55 түрлі мемлекеттік қызмет 21 түрлі композиттік қызметке біріктіріледі деп жоспарланып отыр. Мұндай қызметтердің ішінде жер актісін алу қызметі үлкен сұранысқа ие деп ойлаймын. Мәселен, қазір бұл қызметті алу үшін 4 түрлі өтініш жазу керек.

2020 жылдан бастап бұл актілердің барлығы біріктіріліп, «Сәйкестендіру құжаттарын әзірлеу және беру» сияқты бір қызмет арқылы қолжетімді болады.

Дүниеге сәби келген уақытта құжат рәсімдеу жеңілдетілді. Осылайша бала туылуына байланысты проактив тәсілмен көрсетілетін мемлекеттік қызметтер тізіміне мекенжай бойынша тіркелу қызметін қосты. Бұл қызмет мемлекеттік корпорацияның бастамасымен ҚР Ішкі істер министрлігі мен Әділет министрлігі базаларының интеграциялануы нәтижесінде жүзеге асып отыр.

Енді жаңа босанған әйелдерге баланың туу туралы құжатын жасатып, балабақша кезегіне тұру және жәрдемақы алуға ұсыныс білдіретін смс-хабарламамен бірге жаңа туған сәбиді мекенжай тіркеуіне қоюға мүмкіндік беретін хабарлама қоса жолданады.

Проактив тәсілі азаматтарға ешқайда шықпай-ақ мемлекеттік қызметтерді алуға мүмкіндік береді. Жаңа технологиялар енді ғана сәбилі болған ата-анаға халыққа қызмет көрсету орталығына бармай, баланың бар құжаттарын реттеуге көмектеседі. Керегі – телефонға келген смс-ке жауап беру ғана.

Ереже бойынша дүниеге келген сәбидің ата-анасының біріне екі апта ішінде мекенжай тіркеуіне тұру жөнінде смс-ұсыныс жолданады. Сұраққа оң жауап берілген жағдайда баспана иесі өз мекенжайының тіркеу кодын енгізуі тиіс. Пәтер не үй баланың ата-анасының атында болмаған жағдайда баспана иесінің ЖСН-і қоса жолданады. Бұл ретте проактив тәсілімен жолданатын смс-терді алу үшін баланың ата-анасының бірі міндетті түрде мобильді азаматтар базасында тіркелуі керек.

Марал ГИЛМАНОВ,

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі

Ақтөбе облысы бойынша департаментінің бас маманы.

Тэги новости: Новости высоких технологий
Поделитесь новостью с друзьями