Популярные темы

50 бала аудан әкімі шыршасынан сыйлық алды                       

Дата: 31 декабря 2019 в 14:22 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


50 бала аудан әкімі шыршасынан сыйлық алды                       

Ақтөбе қаласындағы «Атамекен» мейрамханасында Алматы ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен «Жаңа жыл ғажайыптары» атты шарша кеші өтті.

Шыршаға аудан бойынша мүмкіндігі шектеулі 50 бала қатысып, аудан әкімі атынан жаңажылдық сыйлықтар табысталды. Сондай-ақ шарада балалар ертегі кейіпкерлерінің қойылымын тамашалап, Аяз ата мен Ақшақардың тілектерін тыңдады.

— Биылғы жыл толағай табыстарға толы жыл болды. Еліміздің одан әрі өркендеп дамуы, біздің болашағымыз — жас ұрпақтың қолында.

Бүгінгі шыршаға ерекше дайындықпен келгендеріңіз көрініп тұр. Әрдайым ата-аналарыңыздың қуанышы болып, оқуда озат болыңыздар. Жаңа жылда әр отбасына жақсылық, мол табыс тілеймін, — деді Алматы ауданы әкімінің орынбасары Алтынбек Әлжанов.

Жиналғандар Қурайлы Мәдениет үйі ұжымының әзірлеген театрландырылған көрінісіне куә болды. Сондай-ақ балаларға мерекелік дастарқан әзірленді.

— Биылғы жыл біз үшін құтты жыл болды. Жыл басында жалғызбасты ана ретінде мемлекет тарапынан қолдау болып, «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша баспаналы болдық. Бүгін ұлымды Жаңа жыл мерекесіне әкеліп отырмын. Бүгінгі шараны ұйымдастырушыларға ризашылығымды білдіремін, — дейді ата-аналардың біріГауһар Әбдіразақова.

Ақбота ҚАЛДЫБЕК.

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями