Ninety one клиптерінде масондық символдар бар ма? Ерболат Беделханның жауабы

Дата: 05 декабря 2019 в 11:53


Ninety one клиптерінде масондық символдар бар ма? Ерболат Беделханның жауабы

«Орда» тобының солисі, продюсер Ерболат Беделхан Аман Тасығанның Talklike YouTube-жобасында Ninety one тобының бейнеклиптеріндегі кейбір элементтер мен «масондық» белгілер не білдіретінін түсіндірді. 

Продюссер ең алдымен «Мен емес» бейнеклипіндегі топ солисі Батырханның партиясындағы элементтерді түсіндірді. 

Продюсердің айтуынша, бұл локациядағы негізгі акцент — ақша, темекіде емес. 

«Бұл — келбет көрсету реквизиттері ғой. Ол жерде телефон не басқа заттар қоюға болады. Бұл — біздің көзқараспен келтіру мәселесі. Зиялы қауымды көрсетіп, «мен емес» деген сөзбен қазақтың абыройын көтеру мәселесін «тең келмейтін» деген ұғымға алып келу мәселесі. 

(...) Біздің мақсатымыз — біртұтас ел болып, бізге де осылай заманауи түрде көрсету мәселесі. Барлық клип арқылы қазақты заманауи түрде көрсеттік», — дейді Ерболат Беделхан.


«Мен емес» бейнеклипіндегі топ солисі Батырханның партиясы © Talklike

Сонымен қатар, топ продюсері «Мен емес» бейнеклипіндегі солист Даниярдың партиясындағы жазудың не білдіретінін түсіндіді. Оның айтуынша, бұл — руна жазуы.


«Мен емес» бейнеклипіндегі топ солисі Даниярдың партиясы © Talklike

Алайда жүргізуші мұның масон ұйымдарының белгісіне ұқсайтынын айтып, анықтауды сұрады. 

«Масондардың белгісіне ұқсай ма, ұқсамай ма — білмеймін. Оны масондардан сұраңыз. Мен қазақ болғаннан кейін рунаны толыққанды білемін. Бұл — масондардың белгісі емес. Бұл — қазақтың рунасы, 100 пайыз. Біз рунологты шақырып, сол кісімен кеңесіп отырып, руналарды тарттық», — деп түсіндірді продюсер. 

Сұхбат жүргізушісі топтың «Баяу» әніне түсірілген бейнебаяндағы көз белгісін масондардың белгісі екенін айтып, сұрақ қойды.  

«Сіз білесіз бе, фашизмның белгісі деп жүргеніміз негізі буддистердің таңбасы. Мықты таңба негізі. Мен масондар бізден алды, біз масондардан алдық деп айта алмаймын. Біз оны зерттеуіміз керек қой. (...) Ninety one мен масон ұйымдарының еш қатысы жоқ», — дейді Ерболат Беделхан. 

Сондай-ақ, продюсерге топ мүшесінің бір жобаға қатысуы үшін қомақты қаржы сұрайтыны жайлы ақпарат рас па деген сұрақ қойылды. 

«Топ мүшесі бір жобаға қатысуы үшін 1 миллион 200 мың теңге қаржы сұрайды деген ақпарат бар», — деді жүргізуші. 

«Бар, иә. Ол — рас. Бізде прайс деген бар. Бұл бизнес болғаннан кейін барлығы қағаз жүзінде түсуі қажет», — деп қысқа қайырды топ продюсері. 


© instagram.com/ninetyone

Сонымен қатар, продюсер топтың жылдық табысын айтып берді. 

«Ninety one-ның жылдық айналымы — 100 миллиондай. Бұл осы жыл бойынша», — деді Ерболат Беделхан.

Жүргізуші Ninety one тобының тойға көп шықпайтынын алға тартып, топты шетелдік ұйымдар қаржыландыруы мүмкін бе деген сұрақ қойды. 

«Ешқандай қаржыландыру жоқ. Сол digital-монитизация. Жарнама келісімшарттары. Аз болсақ та, біз өте қымбат тұрамыз», — деп жауап қайырды продюсер. 

Поделитесь новостью с друзьями