Новости в социальных сетях

Подпишитесь на нашу группу и читайте анонсы самых интересных новостей в любимой соцальной сети

ВКонтакте Одноклассники Facebook Twitter

Ақтөбелік дәріскерлер үздік атанды

Дата: 09 ноября 2019 в 11:22 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Ақтөбелік дәріскерлер үздік атанды

«Дін мәселелері жөніндегі ақпараттық-түсіндіру тобы мүшелерін даярлау және қайта даярлау жұмыстарын ұйымдастыру» жобасы аясында «Жылдың үздік дәріскері» республикалық байқауы өтті. Осы сайыста алты номинацияның үшеуін ақтөбелік дәріскерлер иеленді.

Байқау ережесі бойынша республиканың әр түкпірінен қатысқан 25 дәріскер алғашқы кезеңде  5 минутта ақпараттың құндылығын, өзектілігін жеткізіп, аудиториямен жұмыс жүргізді. Екінші кезеңде  жазбаша эссе тапсырды. Ауызша және жазбаша тапсырмаларда өз шеберліктерімен озық шыққандар үздік танылды. Нәтижесінде  «Аңсар» ақпараттық талдау орталығының басшысы Нұрсұлтан Жаншин «Жалынды жас дәріскер» және осы орталықтың психолог маманы Эльмира Әділханова «Креативті тұлға», Ақтөбе қалалық дін мәселелері және қоғаммен байланыс орталығының басшысы Мақсат Құдайберген «Парасатты тұлға»  номинациялары бойынша марапатталды. Әр жеңімпазға 40 мың теңгенің сертификаты берілді. Сонымен қатар  республикалық ақпараттық-түсіндіру тобы куәлігі тапсырылды.  Ал облыстық дін істері басқармасының бас маманы Мейірбек Қалманов пен Шалқар аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Қорғанбек Исаев «Іріктеу кезеңінің жеңімпаздары» номинациясы бойынша марапатталып, 15 мың теңгенің сертификатына ие болды.

Кәмшат ҚОПАЕВА.

По сообщению сайта Ақтөбе газеті

Поделитесь новостью с друзьями