Новости в социальных сетях

Подпишитесь на нашу группу и читайте анонсы самых интересных новостей в любимой соцальной сети

ВКонтакте Одноклассники Facebook Twitter

«Адалдық сағаты» өтті

Дата: 07 ноября 2019 в 18:22 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


«Адалдық сағаты» өтті

Сәрсенбі күні облыстағы барлық білім ордаларында бір мезетте республикалық «Адалдық сағаты» өтті. Қаладағы №56 мектепте ұйымдастырылған шараға Ақтөбе облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті басшысының орынбасары Ғалымбек Досанов қатысты.

Кездесу барысында парасаттылық пен адалдық ұстанымдары туралы сөз болып, мектеп оқушылары «Адал ұрпақ» жобасы аясында атқарылған жұмыстары туралы әңгіме өрбітті.

— Сыбайлас жемқорлық — әлемдегі барлық елде бар. Бірақ олардың деңгейі әр түрлі. Кейбір мемлекеттерде оның деңгейі өте төмен болғандықтан, тұрғындары «сыбайлас жемқорлық» деген сөзді қолданбайды екен. Ал пост кеңестік елдерде сыбайлас жемқорлық фактілері жиі кездеседі. Біздің еліміз халықаралық «Transparency International» ұйымының рейтингісі бойынша әлемнің 180 елінің арасында 122-ші орында тұр.

Біздің департаменттің алдында тұрған басты міндет — осы көрсеткішті төмендету. Дамыған 30 елдің қатарына кіру үшін бұл жұмыстарды қоғам болып бірге атқаруға тиіспіз, — деген Ғалымбек Досанов, сыбайлас жемқорлықтың үлкен індет екендігін, ал онымен күресу кез келген адал ұрпақтың міндеті екендігін айтты.

Кездесу барысында түрлі қойылымдар қойылып, оқушылар өз ойларын ортаға салды.   

Оқушыларға сыбайлас жемқорлықтың салдары туралы ақпарат беріліп, мектептердегі «Адал ұрпақ» клубының жұмысын нақтылау мақсатында облыс мектептерінде мұндай жиын тоқсан сайын өткізіліп тұрады. Бұл жолғы шара облыстың 399 мектебінде өтіп, 95 мыңға жуық оқушы қамтылды.

Айта кетейік, «Адал ұрпақ» клубы ең алғаш рет 2017 жылы Ақтөбедегі № 56 мектепте құрылған болатын. Бүгінгі таңда клуб құрамында 500-ге жуық оқушы бар.

 Ақерке САТЫБАЛДЫ.

По сообщению сайта Ақтөбе газеті

Поделитесь новостью с друзьями