Новости в социальных сетях

Подпишитесь на нашу группу и читайте анонсы самых интересных новостей в любимой соцальной сети

ВКонтакте Одноклассники Facebook Twitter

№1 террорист қалай «бірнеше рет» өлтірілді?

Дата: 28 октября 2019 в 18:03 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


№1 террорист қалай

Әлемдік бұқаралық ақпарат құралдарында ДАИШ (Қазақстанда тыйым салынған — Авт.) басшысы Әбу Бәкір әл-Багдадиді өлтіріп кеткені жайлы мәлімет тарап жатыр. Дереккөздерге сенсек, өлтірілді деген басшы 2011 жылдың қазанынан бері іздеуде жүрген. Бірқатар елде ресми түрде террорист саналған ол жайлы қандай да бір мәлімет білетіндерге 25 миллион доллар көлемінде сыйақы да жарияланған. Tengrinews.kz тілшісі террористік ұйым басшысының қандай саясат жүргізгеніне және түрлі елдің БАҚ-тарында мақалалар қай тарапта жазылғанына шолу жасады.

Әбу Бәкір әл-Багдади деген кім?

Ашық мәліметтерге сүйенсек, оның шын аты — Ибрагим Авад әл-Бадри, 1971 жылы дүниеге келген. Ирактағы Бағдад университетін «Ислам зерттеулері» мамандығы бойынша бітірген. Бірінші әйелінен төрт бала, ал екінші әйелінен бір ұлы бар екен.

2003 жылға дейін Ирак орталығындағы Дияла провинциясына ислам құқығы пәнін жүргізген. АҚШ әскері Иракқа кіруінен кейін ол халықаралық коалиция мүшелеріне қарсы шыға бастаған. Салдарынан «Әл-Каида» лаңкестік ұйымына кіріп, 2005 жылы сол ұйымды басқарған. 

«Коммерсанть» мәліметінше, 2010 жылы ДАИШ-тың осыған дейінгі басшысының өлімінен кейін сол ұйым басшылығына Әбу Бәкір әл-Багдади келген. 

Қызығы, әл-Багдадидің өлімі жайлы осы күнге дейін бірнеше рет хабарланған. 2015 жылдың наурызында шетелдік БАҚ-тар экс-басшының ауыр жарақаттар алып, Сирияның Ракка қаласындағы ауруханада көз жұмғанын жазған. 

Ал 2016 жылдың маусымында әл-Багдадидің АҚШ басқарған антитеррорлық шара барасында қаза тапқаны хабарланған. 2017 жылдың желтоқсанында Иракта Әбу Бәкір әл-Багдадидің ұсталғаны, артынша оған оқ атылғаны айтылған екен.

Арнайы операция қалай жүргізілді?

Шетел БАҚ-тарына сүйенсек, өткен жексенбіде АҚШ Сирияның солтүстік-шығысында арнайы операция жүргізіп, операция барысында ДАИШ басшысы Әбу Бәкір әл-Багдадидің көзін жойған. Бұл туралы алғашқылардың бірі болып АҚШ президенті Дональд Трамп хабарлады.

«АҚШ «№1 террористті» жауапкершілікке тартты. Әбу Бәкір әл-Багдади өлтірілді», — деді Дональд Трамп АҚШ-тың операция жүргізгенін айта отырып.


© REUTERS

Президенттің айтуынша, арнайы операция барысында бірде-бір америкалық зардап шеккен жоқ, керісінше, 11 бала бостандыққа шығарылған. Сондай-ақ, Трамп АҚШ басшысы Ресей, Сирия, Ирак және Түркия елдеріне осы мәселені шешуге көмектескені үшін алғысын білдірді.

Кейбір мәліметтерге қарағанда, арнайы команда мүшелері онда тікұшақпен барған. Бұл операция арнайы жасақтағылар оларға ДАИШ басшысының қайда жасырынып жатқанын хабарлаған соң басталған. Арнайы операция барысында жарылғыш заттың қойылып, әл-Багдади мен екі әйелінің де қаза болғаны айтылады.

Кейінірек Al Hadath телеарнасы оқиға орны болған жерден сурет жариялады.


© alhadath.net

Жақтастарын өлтіргендерден кек алғысы келген

Биыл сәуір айында әл-Багдади соңғы бес жылда алғаш рет видеоға түсіп қалған. Ол жазбада ДАИШ басшысы қара киімде, ал қолында автомат болған. Әл-Багдади үнемі «Ислам Мемлекетінің» өз жақтастарын өлтіргендерден кек алатынын айтып жүрген екен.


Видеодан алынған кадр.

Euronews.com сайтындағы мәліметтерге қарағанда, биыл АҚШ, Түркия және Ирактың барлау қызметінің өкілдері ДАИШ ұйымының бірнеше фигурантын ұстаған. Олардың бірі әл-Багдадидің Сирияда жасырынып жүргенін айтып қойған екен. Нәтижесінде барлау қызметі Сирияға арнайы жасақты жіберіп, террористі қолға түсірген.

Авиаудар и сооружение, которое было разрушено прошлой ночью в городе Бериша. По данным некоторых местных информационных агентств,лидер ИГ аль-Багдади прятался здесь. pic.twitter.com/6bwkFIzoDS

— Vladimir Soloviev (@VRSoloviev) October 27, 2019Әлем басшылары не дейді?

Франция президенті Эммануэль Макрон әлемде болып жатқан жағдайдан тыс қалмай, ДАИШ экс-басшысының өліміне қатысты пікірін білдірді.

Rambler мәліметінше, Эммануэль Макрон әлеуметтік желідегі парақшасында ДАИШ-тың бұрынғы басшысының өлтірілуі террористік ұйымды толықтай жоюға бағытталған қадамдардың бірі екенін жазған.

«Әл-Багдадидің өлімі — ДАИШ ұйымына үлкен соққы болды. Бірақ бұл бірінші қадам. Біз халықаралық коалициядағы әріптестерімізбен біріге отырып, террористік ұйымдардың барлығын жоюмен айналысамыз», — деп жазған Франция президенті.

Францияның қорғаныс министрі Флоранс Парли Twitter желісіндегі парақшасында террористік ұйымдармен күрестің әлі де жалғасатынын айтады. 

«Әріптестерімізбен бірге ДАИШ-ке қарсы күресті әлі де жалғастырамыз», — деп жазған Францияның қорғаныс министрі.

Президент Режеп Тайип Ердоған Түркияның ДАИШ басшысы Бағдадидің өлтірілуін ризашылықпен қарсы алғанын білдірді. Ердоған Twitter желісіндегі парақшасында ДАИШ террористік ұйымы басшысы Бағдадидің көзі жойылуына байланысты мәлімдеме жасады.

Having paid the dearest price in the fight against Daesh, PKK/YPG, and other terrorist organizations, Turkey welcomes this development.

I am confident that a decisive struggle against terrorism, in line with the spirit of alliance, will bring peace to all of humanity.

— Recep Tayyip Erdoğan (@RTErdogan) October 27, 2019

Ердоған «ДАИШ террор ұйымы басшысының өлтірілуі терроризммен ортақ күресімізде маңызды. ДАИШ және басқа да тұйымдарымен күресте ең көп зардап шеккен Түркия осы жаңалықты ризашылықпен қарсы алады» деп жазған.

По сообщению сайта TengriNews

Поделитесь новостью с друзьями