Новости в социальных сетях

Подпишитесь на нашу группу и читайте анонсы самых интересных новостей в любимой соцальной сети

ВКонтакте Одноклассники Facebook Twitter

Ерболат пен Есболат Беделхандардың ата-анасы жол апатынан қаза тапты

Дата: 12 октября 2019 в 21:13 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Ерболат пен Есболат Беделхандардың ата-анасы жол апатынан қаза тапты

«Орда» тобының әншілері, бүгінде продюсер Ерболат пен Есболат Беделхандардың ата-анасы жол апатынан қаза тапты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі марқұмдардың туысы Өнерхан Сансызбайға сілтеме жасап.

Сансызбайдың айтуынша, оқиға кеше, 11 қазанда кешкі сағат 20.00 шамасында Ақтаудан Қарағандыға бара жатқан жолда болған. Көлікте төрт адам болған. 

«Ешқайсы аман қалмаған. Көлікте Беделхан Машан мен Гүлжамилә Әбілханқызы және Беделханның 76 жастағы әпкесі мен оның қызы бірге болыпты. Үлкен бір әжеміздің асынан қайтып келе жатып, осындай апатқа ұшыраған. Біз Беделханмен бір атадан тарағанбыз. Беделхан да, жұбайы да 65-те. Екеуі де жастайынан дәстүрлі өнермен айналысқан, мәдениет саласында тер төккен қайраткерлер», — деді марқұмдардың туысы. 


Сурет журналист Ришат Асқарбекұлының парақшасынан

Өнерхан Сансызбай марқұмдарды жерлеу рәсімі дүйсенбіде, 14 қазанда Алматы маңындағы Райымбек мешітінде сағат 10.00-де өтеді. 

Айта кетейік, Беделхан Машан мен Гүлжамилә Әбілханқызының төрт баласы бар. Олар: Махаббат, Жанболат, Ерболат, Есболат. Отбасы 1991 жылы Моңғолиядан көшіп келген. 90-жылдары Ерболат пен Есболат «Орда» тобында өнер көрсетіп, елге танылған. Бүгінде Ерболат Беделхан — танымал Ninety One тобының продюсері.

По сообщению сайта TengriNews

Поделитесь новостью с друзьями