Новости в социальных сетях

Подпишитесь на нашу группу и читайте анонсы самых интересных новостей в любимой соцальной сети

ВКонтакте Одноклассники Facebook Twitter

Белсенді жастар марапатталды

Дата: 12 октября 2019 в 10:52


Белсенді жастар марапатталды

Ақтөбе қалалық Мәдениет үйінде Жастар жылына орай «Мен жастарға сенемін» атты мерекелік концерт өтті. Шарада қаламыздың мәдени шараларына үнемі үлес қосып жүрген белсенді 20 жас Алғыс хатпен марапатталды.

Шараның ашылуында қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Алтынай Юнисова құттықтау сөз сөйлеп, жастарға толағай табыс, жалынды жігер тіледі.

Биыл Елбасымыздың бастамасымен Жастар жылы болып жарияланғаны белгілі. Қазіргі таңда қаламыздың өсіп-өркендеуіне өзіндік үлес қосып жүрген жастарымыз жетерлік. «Ел болашағы — жастардың қолында» десек, оларды қолдау — қоғам міндеті. 

Бүгінгі шараның мақсаты — мәңгілік мәдениетіміз бен өміршең өнерімізді ұлықтап жүрген жастардың өнерін тамашалау. Сондай-ақ қаламыздың әр ауқымды шарасында өзіндік із қалыптастырып, әнмен әрлеп, бимен көркемдеп жүрген жас таланттарды марапаттау.

Жасампаз Қазақстанның жастарына сәттілік тілеймін, — деді ол.

Бұдан соң қаламыздың мәдениет саласына үлес қосып жүрген 20 жасты арнайы Алғыс хатпен және төсбелгімен марапаттады.

Концерттік шара барысында өнерпаздар әннен шашу шашып, «Әлия гүлі» би ансамблі мың бұрала би биледі. Жас талапкерлер мәнерлеп өлең оқыса, көңілді тапқырлар алаңының жастары көрерменге көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

Сондай-ақ шарада Испания мемлекетінде өткен «Tu Onda» халықаралық байқау-фестивалінде бас жүлдегер атанған жерлесіміз, жас әнші Нарқыз Жанұзақова да өз өнерін көрсетті.

Қолғанат Санақов бес жылдан бері қалалық Мәдениет үйінде дыбыс операторы болып жұмыс істейді. Бүгінгі шарада марапатқа ие болғанына дән риза.

—  Елбасы Жастар жылында оң нәтижелерге жету үшін бізге зор үміт артып, сенім білдірді. Өз замандастарымды жаңа бастамаларды іске асыруға талпынуға шақырамын. Әрбір қазақстандық өз туған жерінің өркендеп, гүлденуіне үлес қосуы керек. Сондықтан биылғы жыл — жастарға арналған үміт әрі мүмкіндік, — дейді Қ.Санақов. 

 Ақбота ҚАЛДЫБЕК.

По сообщению сайта Ақтөбе газеті

Поделитесь новостью с друзьями