Новости в социальных сетях

Подпишитесь на нашу группу и читайте анонсы самых интересных новостей в любимой соцальной сети

ВКонтакте Одноклассники Facebook Twitter

Ұшқыш мамандарын әзірлеу мәселесі талқыланды

Дата: 10 октября 2019 в 12:42 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Ұшқыш мамандарын әзірлеу мәселесі талқыланды

Облыс әкімі Оңдасын Оразалин ҚР Қарулы Күштері Әуе қорғанысы саласының өкілдерімен кездесті. Кездесу барысында Әуе қорғанысы күштерінің Бас қолбасшысы генерал-майор Нұрлан Қарбенов облыс басшысына Кеңес Одағының екі мәрте Батыры Т.Ж.Бигелдинов атындағы Әуе қорғаныс күштерінің Әскери институтының бұрынғы басшысы Әлім Ибраевтың басқа қызметке ауысуына байланысты жаңа тағайындалған генерал-майор Дәурен Қосановты таныстырды. Оңдасын Оразалин авиация мамандарын даярлайтын әскери жоғары оқу орны басшысының жаңа қызметіне сәттілік тіледі.

Нұрлан Қарбенов облыс әкіміне болашақта институттың материалдық-техникалық базасының кеңейтіліп жатқанын айтып өтті.

Сондай-ақ, жиын барысында Жем қаласындағы авиациялық әуеайлақты қайта қалыпқа келтіру мәселесі мен ұшқыш мамандарын әзірлеу жайы талқыланды. Ақтөбедегі авиация мамандарын даярлайтын оқу орнынан өткен жылы әуе инженері мамандығы бойынша 75 түлек бітірсе, оның 25-і ұшқыш мамандығын меңгерген.

 Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

По сообщению сайта Ақтөбе газеті

Поделитесь новостью с друзьями