Новости в социальных сетях

Подпишитесь на нашу группу и читайте анонсы самых интересных новостей в любимой соцальной сети

ВКонтакте Одноклассники Facebook Twitter

Өте орынды және қажет мәселе

Дата: 10 октября 2019 в 12:32 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Өте орынды және қажет мәселе

Жақында «Ақтөбе» газетінен Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Мұхтар Жұмағазиевтің «Ақтөбе-Нұр-Сұлтан пойызы қашан шығады?» деген ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминге депутаттық сауалын оқыдық.

Бұл — бәрімізді алаңдатып отырған мәселе. Өйткені қазіргі уақытта Ақтөбеден Нұр-Сұлтан қаласына қатынауға, барып-қайтуға жолаушылардың саны бұрынғыдан да көбейе түсті. Ал көлік жайы түйіні мол проблемаға айналды.

Бұрын екі қала арасында тікелей жолаушылар пойызы қатынап тұрған кезде алаңымыз аз еді, билет алу да аса қиынға түспейтін. 2018 жылдан бұл пойыз маршрутының алынып тасталуы көпшілігіміздің көңілімізде қобалжу туғызды. Қалаған уақытымызда жолға шығудан қалдық.

Қазір Ақтөбе тұрғындарының арасында балалары Нұр-Сұлтан қаласында оқитын не жұмыс істейтін отбасылары баршылық, ағайын-тумалары сонда қоныс аударғандары да жеткілікті. Осы себептен пойызға мінуге сұраныс та жоғары. Мұның сыртында қызмет бабымен, жұмыс талабымен іссапарға барушылар қаншама?

Ақтөбенің үстінен өтетін Орал, Ақтау, Атырау жолаушылар пойызына билет алу қиын, оның үстіне бізге мезгілсіз уақытта келеді.

Сенат депутаты орынды мәселе көтеріп отыр. Бұл кейінге қалдырмай, жедел түрде шешімін табуы тиіс мәселе деп білеміз. Және Премьер-Министр оған оңды ықпал жасайтындығына сенгіміз келеді.

 Молдабек АЛМАТОВ,

Ақтөбе қаласының тұрғыны.

По сообщению сайта Ақтөбе газеті

Поделитесь новостью с друзьями