Новости в социальных сетях

Подпишитесь на нашу группу и читайте анонсы самых интересных новостей в любимой соцальной сети

ВКонтакте Одноклассники Facebook Twitter

Облыс әкімі тұрғындарды қабылдады

Дата: 08 октября 2019 в 20:32 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Облыс әкімі тұрғындарды қабылдады

Сейсенбі, 8 қазан күні облыс әкімі Оңдасын Оразалин облыс әкімдігі және «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының ғимаратында аймақ тұрғындарымен кезекті қабылдауын өткізді.
Жеке мәселелерімен келген облыс тұрғындары аймақ басшысына өз өтініштерін жеткізді. Өңір тұрғындары еңбек қатынастары, денсаулық сақтау, емделу, кәсіпкерлікті қолдау, жер, тұрғын үй мәселелерін көтерді.

Атап өтсек, облыс әкімдігігінде 8 адамды 6 мәселе бойынша қабылдады. Ал «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының төрағасы ретінде 11 адамның 6 мәселесі бойынша қабылдады.
Азаматтардың барлық өтініштері мен ұсыныстарын мұқият тыңдаған өңір басшысы мәселенің мән-жайына орай түсіндірме беріп өтті. Сонымен қатар, тиісті мемлекеттік органдар мен мемлекеттік мекеме басшыларына туындаған мәселелерді қолданыстағы заңнама аясында шешуге көмектесуді тапсырды.

По сообщению сайта Ақтөбе газеті

Поделитесь новостью с друзьями