Новости в социальных сетях

Подпишитесь на нашу группу и читайте анонсы самых интересных новостей в любимой соцальной сети

ВКонтакте Одноклассники Facebook Twitter

Ақтөбеліктердің 80,4 пайызы тегін медициналық көмек алады

Дата: 08 октября 2019 в 11:52 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Ақтөбеліктердің 80,4 пайызы тегін медициналық көмек алады

Ақтөбе медициналық орталығында  «Республикалық медициналық палата» қоғамдық бірлестігінің V съезі өтті. Жиынға ҚР Денсаулық сақтау Вице-министрі Қамалжан Надыров, «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Ерік Байжүнісов қатысты.

Съезде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің жаңа үлгісін енгізу, дәрігерлердің еңбекақысын көтеру, төлеу, лицензиялау және сертификаттауға көшу туралы мәселелер талқыланды. Мәселен, қазіргі таңда біздің облыста халықты ақпараттандыру және медицина қызметкерлерін оқыту бойынша қарқынды жұмыстар жүргізіліп жатыр.  Облыс бойынша 63 емхана сақтандыру қорымен келісім жасады. Оның ішінде 26 жекеменшік емхана бар. Келісім аясында жеке клиникалар халыққа ақысыз қызмет көрсетеді. 2020 жылдың бірінші қаңтарынан бастап  міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі іске қосылады. Жаңа жүйе бұл салаға өзгерістер алып келеді. Мәселен, келер жылдан бастап денсаулық сақтау жүйесін қаржыландыру 1,4 есеге, яғни 41,9 миллиард теңгеден 58,2 миллиард теңгеге дейін өседі. Бұл жүйе іске қосылса, ақтөбеліктердің  80,4 пайызы тегін медициналық көмек алады. Статистика  департаментінің биылғы жартыжылдықтағы есебі бойынша, облыста  260 мыңға жуық бала, 86 мың 700 зейнеткер тұрады.  Олар 2020 жылы автоматты түрде сақтандырылған азаматтардың санатына енгізіледі. Олар үшін жарнаны мемлекет аударады.  Сондай-ақ өңірде 18 мыңға жуық заңды тұлға тіркелген.  Олар 2020 жылдан бастап жарна төлейді. Зейнеткер, балалар, кәсіпкерлер, яғни барлығын қосқан кезде 701 252 адам болып отыр. Облыс тұрғындарының саны  қазір 872 мың болса, бұл ақтөбеліктердің 80,4 пайызы болмақ.

Жиында ҚР Денсаулық сақтау Вице-министрі Қамалжан Надыров жаңа жүйенің халыққа тигізер пайдасына тоқталды. Оның айтуынша, қаржыландыру оңалту шараларына тоғыз есе, ал кеңес беру, диагностикалық бағытта үш есеге дейін өседі.  «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Ерік Байжүнісов дәрігерлердің еңбекақысы жоғарылайтынын айтты. Сондай-ақ медициналық қызметтің сапасы, емдеу мекемелерінің ішкі жұмыстарды үйлестіруі, қаржы мәселесі бойынша баяндама жасады.

Кәмшат ҚОПАЕВА.

По сообщению сайта Ақтөбе газеті

Поделитесь новостью с друзьями