Новости в социальных сетях

Подпишитесь на нашу группу и читайте анонсы самых интересных новостей в любимой соцальной сети

ВКонтакте Одноклассники Facebook Twitter

Чернобыль ардагерлері көмек сұрайды

Дата: 24 сентября 2019 в 11:22


Чернобыль ардагерлері көмек сұрайды

Ақтөбе облысының ҮЕҰ қауымдастығының құрылғанына 10 жыл толуына орай облыстағы үкіметтік емес ұйымдар жәрмеңкесі басталды. Он күнге созылатын жәрмеңке барысында маңызды тақырыптар талқыланатын түрлі кездесулер өткізілмек.

Онкүндіктің алғашқы шарасы бүгін шымылдығын ашты.  ҮЕҰ қолдау Азаматтық орталығының қоғамдық қабылдауында «Ақтөбе облысының Чернобыль мүгедектері» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Бақытжан Сатов бастаған Чернобыль апатының ардагерлері түрлі мәселелерді талқылады.

Биыл ХХ ғасырдағы ең қорқынышты оқиғалардың бірі саналатын Украинадағы Чернобыль зардабын залалсыздандыруға қатысқан қазақстандықтардың апат аймағынан шығарылғанына 33 жыл толды.Мамандардың айтуынша, 10-нан аса мемлекеттің 145 мың шаршы шақырым жерін ластаған апат салдары әлі толық жойылған жоқ… 1986-92 жылдары Чернобыльге Қазақстаннан 35 мыңнан астам адам жіберілген екен.

— Ақтөбе облысында бұл қорқынышты апаттың зардабын залалсыздандыруға қатысқан 231 ардагеріміз бар. Оларға қолдау қажет. Шешілмей жатқан мәселелер бар: біріншіден, «Қазақстан Республикасындағы арнаулы мемлекеттік жәрдемақы туралы» заңының 4-бабында көрсетілгендей, «Чернобыль АЭС-тағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың және ядролық сынақтардың әсерiне белгiленген тәртiппен байланысты болған азаматтардың отбасылары, 1988-1989 жылдардағы Чернобыль АЭС-дағы апаттың зардаптарын жоюға қатысушылардың, қоныс аудару күнінде құрсақта болған балаларды қоса алғанда, оқшаулау және көшіру аймағынан қоныс аударылғандардың (өз еркімен кеткендердің) және Қазақстан Республикасына қоныстанғандардың қатарындағы адамдар» жәрдемақыға құқығы бар. Бірақ біздің жанымызды ауыртатыны — қаладағы қоғамдық көліктерге тегін жүре алмаймыз, комммуналдық төлемдерге де ешқандай жеңілдік жасалмай отыр, дәрілерімізді де ала алмай отырмыз. Екіншіден, біз мемлекеттік тұрғын үй кезегіне Екінші дүниежүзілік соғысына қатысқан ардагерлермен теңестірілген тұлғалар ретінде бөлек кезекте болуымыз керек, бірақ бізді ортақ кезекке шығарып тастаған. Ауылдық жерде тұратын Чернобыль ардагерлеріне де еш көмек көрсетілмей отыр, міне, алда қыс келе жатыр, ал олардың отбасыларына заң бойынша 2,5 тонна отын беру керек. Ол да қаралмай отыр. Осы мәселелердің көлденең тартып, қалалық әкімдікке хат та жазғанбыз, 15 күннен асып кетті, бірақ жауап жоқ әлі күнге дейін. Жауапты тұлғалардан осы мәселелерді шешімін табуды сұраймыз, — деді «Ақтөбе облысының Чернобыль мүгедектері» қоғамдық бірлестігінің мүшесі Темірхан Мұқаш.

Шара барысында ардагерлер тағы да қосымша хат әзірлеп, жергілікті атқарушы билікке жолдау туралы шешім қабылдады.

Мейрамгүл РАХАТҚЫЗЫ.

По сообщению сайта Ақтөбе газеті

Поделитесь новостью с друзьями