Новости в социальных сетях

Подпишитесь на нашу группу и читайте анонсы самых интересных новостей в любимой соцальной сети

ВКонтакте Одноклассники Facebook Twitter

Оңдасын ОРАЗАЛИН: Жалған мәлімет берген мемлекеттік қызметкерлер жұмыстан босатылады

Дата: 12 сентября 2019 в 13:32 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Оңдасын ОРАЗАЛИН: Жалған мәлімет берген мемлекеттік қызметкерлер жұмыстан босатылады

Облыс әкімі Оңдасын Оразалиннің төрағалығымен аппарат жиыны өтті. Облыс әкімінің орынбасарлары, қала, аудан әкімдері қатысқан жиында облыс әкімдігінің аппарат басшысы Нұржауған Қалауов үстіміздегі жылғы  12 тамыздан 8 қыркүйекке дейінгі кезеңде атқарушылық тәртіптің жағдайы туралы хабарлады. Осы мерзім аралығында  277тапсырма, жоғары тұрған орталық мемлекеттік органдардан 522 тапсырма берілген.

Президент Әкімшілігі тарапынан берілген 620 тапсырма мен облыс әкімінің 29 тапсырмасы дер кезінде орындалды.

Дегенмен, облыс әкімі тапсырмаларының орындалуына мониторинг жасау кезінде БАҚ пен әлеуметтік желілерді шолу барысында жауапты мемлекеттік органдардың мәліметтерді жалған берген дерегі анықталды. Мұндай жағдай Ақтөбе қаласы және Алға ауданының әкімдіктерінде кездесіп отыр. БАҚ беттерінде және әлеуметтік желілерде тұрғындар көтерген мәселе оң шешімін таппаған.  Көшпелі тексеру жұмысы алдағы уақытта да  жалғасатын болады.

Бұл мәселеден хабардар болған облыс басшысы қала, аудан әкімдеріне ескерту жасады.

«Орындалмаған жұмысты орындалған деп ақпар берген мемлекеттік орган мамандарын анықтап, тиісті шара қолданылсын, тіпті жұмыстан босатылса да артық болмайды», —деді облыс әкімі.

Облыс басшысының жиналыстар мен жұмыс сапарларының қорытындысы бойынша берілген 218 тапсырмасының 155-і  орындалу үстінде, Әйтеке би, Мұғалжар, Шалқар аудандары мен Ақтөбе қаласы, бірнеше басқармаларға берілген жалпы саны  29 тапсырма уақытынан кешіккен.

Сонымен қатар жергілікті мемлекеттік органдардың ашық деректері бар жұмысы туралы  «Ашық үкімет» порталында жыл сайын Үкімет ресми интернет-ресурстарды басқару жөніндегі мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігіне бағалау жүргізеді. Бұл рейтингтерде мемлекеттік органның интернет-ресурсын, сондай-ақ «Ашық НҚА» және «Ашық деректер» порталдарын толықтыру бөлігінде ақпаратқа қол жеткізу туралы Заңның талаптарын сақтау ескеріледі. Өткен жылы облыс әкімдігі 100 балдың 64,65-ін жинаған. Мұндай төмен көрсеткіштен арылу үшін мемлекеттік органдар интернет-ресурсты күшейтіп, ақпаратқа қол жетімділікті арттыра түсуі қажет.

Аппарат басшысы сондай-ақ облыс әкімі орынбасарларының тұрғындарды жеке қабылдау белсенділігін арттыру керектігінайтты. Әкім орынбасарларының арасында тұрғындарды жеке қабылдауға қатысты 8 айға жүргізілген мониторинг бойынша Марат Тоғжанов 125 азаматпенк ездесіп, алдыңғы орында, одан кейін Рахат Сыдықов 105, Олжас Смағұлов – 82, Аманғали Бердалин – 80, Қайрат Бекенов 58 жеке қабылдау өткізген.

«Азаматтарды жеке қабылдауға белгіленген кестеден бөлек, аудандарға жасаған іссапар барысында да  тұрғындарды жеке қабылдап проблемаларын тыңдау қажет», —деді облыс басшысы.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

По сообщению сайта Ақтөбе газеті

Поделитесь новостью с друзьями