Новости в социальных сетях

Подпишитесь на нашу группу и читайте анонсы самых интересных новостей в любимой соцальной сети

ВКонтакте Одноклассники Facebook Twitter

Жаманшың кратері әлемдік деңгейде қорғалуы тиіс

Дата: 12 сентября 2019 в 13:22 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Жаманшың кратері әлемдік деңгейде қорғалуы тиіс

Облыс әкімі Оңдасын Оразалин бір топ ғалымдарды қабылдады. Кездесуге Жаманшың метеориттік кратерін егжей-тегжейлі зерттеп жүрген ресейлік ғалымдар Павел Флоренский, Светлана Янсон, Елена Сергиенко, Борис Зейлик және елімізге белгілі жазушы, қаламгер Жүніс Сақ ұрпағы, өлкетанушы Бекарыстан Мырзабай, сондай-ақ облысты қмәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Нұрхан Кәдірбаев қатысты.

Жиын барысында Ырғыз ауданындағы Жаманшың кратерінің бүгінгі жағдайы талқыланды. Миллион жылдық тарихы бар орынды ғалымдар әлемдік деңгейде қорғалуы қажет деп санайды. Зерттеушілер облыс басшысына бірнеше ұсыныстарын жеткізді. Олардың пайымдауынша, кратердің айналасын қоршап, геопарк ашу — туризмнің дамуына өз ықпалын тигізбек. Сондай-ақ Жаманшың маңын мекендейтін әрі қызыл кітапқа енген аң-құстардың мәселесі де талқыланды.

«Президент халыққа Жолдауында броконьерлікті тыю, табиғат пен жан-жануарларды қорғауға аса мән берді, Қазақстанның киелі жерлер географиясына енген нысанның бірі ретінде Жаманшыңды қорғау — жауапты іс, әрі осы мәселеге жанашырлық білдіргендеріңіз үшін алғыс білдіремін», — деді Оңдасын Оразалин.

Облыс әкімі басқосуда аталған ұсыныстарды жинақтап, әзірлеуді облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Нұрхан Кәдірбаевқа тапсырды.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

По сообщению сайта Ақтөбе газеті

Поделитесь новостью с друзьями