Новости в социальных сетях

Подпишитесь на нашу группу и читайте анонсы самых интересных новостей в любимой соцальной сети

ВКонтакте Одноклассники Facebook Twitter

Жаңа зерттеу жүрегі ауыратын науқастарға тиімді ем ұсынады

Дата: 12 сентября 2019 в 11:42 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Жаңа зерттеу жүрегі ауыратын науқастарға тиімді ем ұсынады

31 тамыз-4 қыркүйек күндері Францияның Париж қаласында Еуропалық кардиологтар қоғамының конгресі өтті. Оған 150 мемлекеттен 31 мыңға жуық делегат қатысты. Олардың қатарында қазақстандық кардиолог дәрігерлер де бар.

М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университетінің №2 ішкі аурулар кафедрасының профессоры, Қазақстан кардиологтар қауымдастығының Ақтөбе филиалының директоры Бекболат Жолдин әлем кардиологтары бас қосқан үлкен жиынға қатысып қайтты. Медицина саласында 40 жылдан бері абыройлы еңбек етіп жүрген белгілі кардиолог конгресте талқыланған кардиология саласындағы өзгерістер туралы айтып берді.

— Еуропалық кардиологтар қоғамының конгресі — жылына бір рет өтетін әлем кардиологтарының басын қосатын үлкен жиын. Биыл бұл жиында дүниежүзілік кардиологтар бас қосып, оған әлемнің 150 елінен делегация қатысты. Конгрескебіздің еліміздіңбарлық облысынан жиналған делегацияны Қазақстан кардиология қауымдастығының президенті Сәлім Беркімбаевбастап барды. Конгресс жылына бір рет қана өтетіндіктен, онда соңғы өзгерістер мен жаңалықтар талқыланды. Оның ішінде жүрек-қан тамырлары ауруларын емдеу жолдары қаралып, нұсқаулықтар жарық көрді. Атап айтсақ, созылмалы коронарлық синдром, қант диабеті және оны емдеудің диагностикасы, дислипидемиялар, қарышаүстілік тахикардиялар және жедел өкпе эмболиясы. Бұл — нұсқаулықтар практикалық түрде жұмыс істейтін дәрігерлерге үлкен көмек. Себебі жарияланған мәліметтерді қолдана отырып, науқастарды қазіргі заманауи инновацияға сәйкес емдеу — бүгінгі күннің талабы. Сондықтан дүниежүзінде жүрек-қан тамырлары ауруларына қандай ем жүргізілсе, біздің елімізде де дәрігерлер науқастарды осы нұсқаулықтар негізінде емдеу керек. Алдағы уақытта конгресте жарияланған нұсқаулықтарға негізделіп, емдеудің хаттамалары жазылады. Айта кету керек, хаттамалар жыл сайын өзгермейді, осындай күрделі өзгерістер болған жағдайдағана қайта жазылып, оған соңғы жаңалықтар енгізіледі. Қазақстан кардиология қауымдастығы қазір осы жұмыстарды қолға алып жатыр. Хаттамалар қайта өңделіп, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігімен бекітіледі. Екіншіден, конгресте талқыланған мәселелер —бірнеше жыл бойы жүргізілген зерттеулердің нәтижесі. Сондай зерттеулердің бірі — созылмалы жүрек әлсіздігі. Бұл — жүрек-қан тамырлары ауруларының асқынған кезінде дамитын патология. Аталған конгресте созылмалы жүрек әлсіздігі немесе жетіспеушілігін емдеуге қандай препараттар қолдану керектігі туралы арнайы зерттеудің нәтижесі жарияланды. Ол «ДАРА-HF» деп аталады. Яғнидапаглифлозиндеген дәрі жүректің жетіспеушілігі бар науқастарды емдегенде ең жақсы нәтиже көрсеткен. Бұл — ең айқын көрсеткіш. Өйткені осы дәріні қабылдағаннан кейін науқастардың ауруханаларға, стационарларға қайта-қайта түсу жиілігі, сондай-ақ жүрек жетіспеушілігі асқынуларының әсерінен өлу жиілігі азайған. Бұл — айтарлықтай жетістік. Алайда бұл зерттеу нәтижелі болғанымен, медицинадатез арада қолданысқа енгізілмейді. Себебі бұл зерттеудің нәтижесі ресми түрде хаттамаға кіргізіліп,денсаулық сақтау министрлігі тарапынан қаулы қабылдануы керек. Сондықтан келешекте осы зерттеудің нәтижесінің арқасында науқастарға тиімді ем жүргізіледі.

— Қазіргі таңда Қазақстанда, оның ішінде біздің облыста жүрек-қан тамырлары ауруларына қатысты осы тектес қандай да бір зерттеулер жүргізіліп жатыр ма?

Қазіргі таңда біз орталықтағы науқастарды толық тексеруден өткізіп, олардың келісімімен арнайы зерттеулер жүргізіп жатырмыз. Алайда олардың аты-жөндері еш жерде жарияланбайды.Айта кету керек, біздің кафедра бүгінге дейін Еуропа елдерінде жүргізілген екі зерттеуге қатысты. Оның біріншісі — инфекциялық емес созылмалы аурулардың қауіп факторларытуралы зерттеу болса, екіншісі — миокард инфарктісі туралы зерттеу. Алғашқы зерттеу жұмысы дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бағдарламасы болғандықтан, оның нәтижелері еуропалық ғылыми баспаларда жарияланды. Атап айтсақ, 2017 жылы «The Lancet», ал биыл «Nature» ғылыми журналдарында жарық көрді.

— Алдағы уақытта «ДАРА-HF» зерттеу нәтижесі біздің елімізде қолданысқа енгізілсе, науқастарды жүрек-қан тамырлары ауруларынан айықтыруға толық мүмкіндік бар ма?

— Дапаглифлозин деген дәрі қазіргі таңда Қазақстанда тек қант диабетін емдеуге қолданылады. Қант диабеті — зат алмасу бұзылысының ауруы ғана емес, бұл жүрек-қан тамырлары ауруларына да жатады. Өйткені қант диабетінің асқынулары көбіне жүрек-қан тамырлары жүйесінен болады. Сондықтан диабетпен ауыратын науқастарда жүрек әлсіздігі немесе жетіспеушілігі жиі кездеседі. Бұл зерттеудің ерекшелігі — дәрінің әсері тек қант диабеті бар науқастарға ғана емес, қант диабеті жоқ, бірақ жүрек жетіспеушілігі бар адамдарғада өте тиімді. Болашақта бұл дәріні жүрек жетіспеушілігімен ауыратын адамдар қолдануына болады.

Сонымен қатар жүрек-қан тамырлар ауруларының салдарынан болатын өлім санын азайту үшін мына 4 қағидаға сүйенген жөн. Оның біріншісі — скринингтен өту. Яғни қант диабеті, жүрек-қан тамырлары аурулары, онкологиялық аурулар, т.б. осы тексерістен өткенде анықталса, онда науқастар диспансерлік есепке алынады. Екіншісі — вакцинация. Өкінішке қарай, бүгінгі күні әртүрлі себептермен ата-аналар вакцинациядан бас тартып жатыр. Ал ол тек инфекциялық аурулардың ғана емес, жүрек-қан тамырлары ауруларының да алдын алады.Демек, вакцинация көптеген аурулардан ағзаны қорғайды. Үшіншісі — салауатты өмір салтын ұстану. Ал соңғысы — химиялық-профилактикалық шаралар. Яғни артериялық қан қысымы бар адамдар дәрігер тағайындаған дәрілерді қолданып, қан қысымын үнемі назарда ұстауы қажет. Егер тұрғындар осы 4 қағиданы ұстанса,онда жүрек-қан тамырлары ауруларының алдын алуға болады.

— Әңгімеңізге рақмет!

                                                                    Данагүл ҚАЗИХАН.

По сообщению сайта Ақтөбе газеті

Поделитесь новостью с друзьями