Новости в социальных сетях

Подпишитесь на нашу группу и читайте анонсы самых интересных новостей в любимой соцальной сети

ВКонтакте Одноклассники Facebook Twitter

Беташарда ақша тастаудың жаңа жолын көрсеткен жігіт Қазнетті күлдірді

Дата: 11 сентября 2019 в 12:53 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Беташарда ақша тастаудың жаңа жолын көрсеткен жігіт Қазнетті күлдірді

Беташарда ақша тастаудың жаңа жолын көрсеткен жігіт Қазнетті күлдірді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Instagram желісінде беташар өткізу сәтінен түсірілген видео пайда болды. Krutye_agashki парақшасында «Казах без понтов — беспонтовый казах» деген тақырыппен жарияланған видеода аты аталған қонақтардың бірі ерекше билеп, кейін түріктің танымал аспазы Нұсрет Гекченің әдісімен тиын тастайды. Жиналған жұрт бұған қол шапалақтап, мәз болады.

Осыдан кейін тағы бір қонақтың аты аталғанда ол ұялы телефонын көтеріп, онлайн аударым арқылы ақша жібергенін асабаға көрсетеді. Оның бұл әрекетіне де жұрт қырап-топан болады.

Айта кетейік, кешті жүргізген әзілкеш Арман Жаналиев. Қолданушылар қонақтардың әзілі өтімді болғанын айтқан. 

«Көңілді әрі заманауи қонақтар! Бұдан артық не керек? Бірі билейді, екіншісі көрімдікті каспи голдқа аударады», «Жарайсың, көңіл-күйді көтеріп тастадың!», «Өтті», «5000 берсе ұшып кетер еді», «Бастысы Реал Мадрид жанкүйері, жарайсың» деп пікір жазған қолданушылар.

По сообщению сайта TengriNews

Поделитесь новостью с друзьями