Новости в социальных сетях

Подпишитесь на нашу группу и читайте анонсы самых интересных новостей в любимой соцальной сети

ВКонтакте Одноклассники Facebook Twitter

Қытайдың ең бай адамы Джек Ма Қазақстан жайлы не айтқан?

Дата: 10 сентября 2019 в 18:33 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Қытайдың ең бай адамы Джек Ма Қазақстан жайлы не айтқан?

Қытай нарығы мен бизнесінде ойып алар орыны бар, әлемнің ең бай адамдардың қатарына кіретін, Alibaba компаниясының құрылтайшысы Джек Ма отставкаға кетті. Алпауыт компанияның негізін қалаған ол біздің елге бірнеше рет келген. Tengrinews.kz тілшісі табысты кәсіпкердің елімізге қатысты айтқан ойларын ұсынады. 

Қазақстанға не жетіспейді?

2016 жылы Джек Ма елордамызда e-commerce мамандарымен кездесу өткізген болатын. Онда қытайлық кәсіпкер ісін жаңа бастаған бизнесмен, стартаперлерге және компаниялардың топ-менеджерлеріне кәсіпорынды дұрыс құрудың амалдарын, қызметкерлермен жұмыс және қандай мақсаттарға ұмтылу керектігін айтып, бағыт-бағдар берген.

Сонымен қатар, Қазақстанға не жетіспейтінін, қай бағытта даму керектігі туралы ой қозғаған. 

«Қазақстанға қатысты көп нәрсе білемесем де, бизнес жүргізудегі тәжірибеме сүйене отырып, мұнай өндіру саласы жақсы елде ірі компаниялар көп болатынын білемін. Менің Қазақстанға берер кеңесім: шағын компаниялар көп болуы керек. Сервистік индустрия дамысын, экономика неғұрлым серпінді болсын десек, онда шағын кәсіпорындарды көбейту керек. Ал ол үшін кәсіпкерлер санын арттыру қажет. Жастарды шабыттандыру, оларға білім беру маңызды. Бастамашыл адамды шабыттандырыңыз. Армандарыңызды жүзеге асырыңыз, 30 жасқа келгенде өз ісіңмен айналыссаң, бұл өзіңіз үшін де, ел үшін де жақсы», — деді кәсіпкер.

Белгілі кәсіпкер сол жылы Қазақстанда қызмет көрсету саласы дамымағанын айтқан. 

«Бұл елдің әлеуеті зор. Менің білуімше, Қазақстанда тау-кен өнеркәсібі, мұнай және ауыл шаруашылығы бар, бірақ қызмет көрсету жағы жоқ. Нақтырақ айтқанда қызмет көрсету индустриясы. 20 жыл бұрын Интернет болмаған кезде өндіріс пен өңдеу үшін конвейер, жақсы машиналар мен көп ақша қажет болған. Бірақ қазір Интернет заманында табысқа жету өте оңай», — деген Джек Ма.

Бизнестің қыр-сыры жайлы ақылы

Джек Маның айтуынша, орта тап күшті болса, ел заманауи, сау, тұрақты болады.

«Кәсіпкерлік, шағын бизнес және қызмет көрсету саласы миллиондаған орта таптағы адамдарды қалыптастыра алады», — деген ол. 

Оның айтуынша, табыс кепілі бизнес-жоспарды ұстанбауда жатыр. Жүздеген, мыңдаған адам ешкімге қажет емес, өздері де оқымайтын бизнес-жоспар жаза алады. Алайда, көп жағдайда олар жұмыс істемей жатады.

«Тек бір принцип жұмыс істейді: клиент саған риза болып күлімсіреп үйге қайтады немесе сені жеккөріп, қарғыс айтып, есікті теуіп шығады. Екінші жағдайда көп ақша тауып тұрсаңыз да, бәрі пайдасыз. Беделді қалыпқа келтіру үшін жылдар кетеді», — деген кәсіпкер.

Қазақ мәдениетіне құрметі

Мұндай кездесулерден бөлек, Джек Ма Қазақстанның мәдени өміріне де қызығушылық білдіретінін байқауға болады. Мысалы ол Абай Құнанбаевтың 175 жылдығы құрметіне арналған флешмобқа қатысып, ұлы ойшылдың өлеңін қытай тілінде оқып, видео жүктеген. Эстафетаны Қазақстан Республикасының ҚХР-дағы елшісі Шахрат Нұрышевтен қабылдап, боксшы Геннадий Головкинге жолдаған. 

Оған қоса, Қытайдың ең бай адамы Джек Ма қазақстандық әнші Димаш Құдайбергенге сыйлық берген. 

Қазақстандық әнші бұл туралы Instagram желісіндегі парақшасында жазған. Алайда Димаш қандай сыйлық алғанын нақтыламады. Ол тек кітапқа ұқсас қара қораптың суретін жариялады. 


© instagram.com/kudaibergenov.dimash

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Əлемдегі ең танымал ондыққа кіретін ,«Ali baba» компаниясының ұсынған сыйлығы. Ықыласыңызға рахмет! #DQ #DIMASH #Dears

Публикация от Димаш ҚҰДАЙБЕРГЕН (@kudaibergenov.dimash) 8 Ноя 2017 в 5:27 PST

Айта кетелік, Джек Ма әлемге белгілі Forbes журналының мұқабасына шыққан алғашқы қытайлық кәсіпкер. 2018 жылдың қараша айының соңындағы жағдай бойынша Forbes кәсіпкердің байлығын 35,8 миллиард долларға бағалаған. Олсылайша Джек Ма әлемдегі ең бай адамдардың қатарында 21-орында тұр.

По сообщению сайта TengriNews

Поделитесь новостью с друзьями