Новости в социальных сетях

Подпишитесь на нашу группу и читайте анонсы самых интересных новостей в любимой соцальной сети

ВКонтакте Одноклассники Facebook Twitter

Нағима Есқалиеваның ұлы жаңа бейнебаяны шыға салысымен сынға ұшырады

Дата: 10 сентября 2019 в 18:23 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Нағима Есқалиеваның ұлы жаңа бейнебаяны шыға салысымен сынға ұшырады

ҚР Халық артисі Нағима Есқалиеваның ұлы Диас Аблаев жаңа бейнебаяны шыға салысымен сынға ұшырады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Boom деп аталатын бейнебаяны бүгін, 10 қыркүйекте шыққан.

Клипте Диас Аблаевтың түрлі образда ән айтады. Америкалық футбол ойыншысы киімімен «Айгөлек» ойынын ойнаған соң ол кейін америкалық командалардың жанкүйер қыздарының формасымен ән салады. Бейнебаянды режиссер Кристоф Боснитч түсірген. Бірнеше сағатта клип 5 мыңға жуық қаралым жинап үлгерген. 

Желі қолданушылары мұны хайп үшін жасады деп, тағы бірі жылдар өткен соң осы өнері үшін ұялады деп пікір жазған. Алайда туындыға оң бағасын бергендер де табылды. Олар мұны «жаңа деңгей» деп атап отыр.

Еске салайық, былтыр да әнші «Накатуки» деп аталатын әніне түсірген клипімен дауға қалған. Оны қолданушылар «мағынасыз» деп атап, әншілік өнерді тастауға кеңес берген болатын.

Айта кетейік, Диас Аблаев 1986 жылдың 25 сәуірінде дүниеге келген. Ол әншілікпен қатар композиторлықты да қатар алып жүр. Бұған дейін «Армаймын саған» және «Жанарыңда» деп аталатын әнімен танылған. Ал 2016 жылы «Армаймын саған» әнімен «Гәкку» арнасының музыкалық жүлдесін жеңіп алған. Ол өзінің барлық әнінің әуенін өзі жазады.

По сообщению сайта TengriNews

Поделитесь новостью с друзьями