Популярные темы

Мәжіліс депутаты жұмысшылармен кездесті

Дата: 27 августа 2019 в 11:22 Категория: Новости политики


Мәжіліс депутаты жұмысшылармен кездесті

Ақтөбе облысына жұмыс сапарымен келген ҚР Мәжіліс депутаты, Nur Otan партиясы фракциясының мүшесі Сергей Симонов «Ақтөбе мұнай жабдықтары зауыты» акционерлік қоғамында болып, зауыт жұмысшыларымен кездесті.

Ақтөбе мұнай жабдықтары зауыты — еліміздегі мұнай кәсібіне арналған кешенді жабдықтар шығаратын мамандандырылған кәсіпорынның бірі.

Қазақстанда насос штангаларын шығаратын бірден-бір зауыт саналатын кәсіпорын 2001 жылы елімізді өз мұнай жабдықтарымен қамтамасыз ету мақсатында іске қосылған болатын.

Жалпы аумағы 12 200,0 шаршы метрді алып жатқан зауыт бүгінгі таңда ел нарығының 92 пайызын мұнай жабдықтарымен қамтамасыз етіп отыр. Зауыттың бас директоры Гасал Мусиннің айтуынша, мұнда 235 адам жұмыс істейді. Екі ауысым бойынша жұмыс жасайтын зауыт жұмысшыларының ай сайынғы алатын орташа айлық мөлшері — 220 000 теңге.

— Зауыт жылына 600 мың дана насос штангаларымен штанга муфтыларын шығарады. Өнімнің негізгі тұтынушылары еліміздің Батыс өңіріндегі «Өзенмұнайгаз» АҚ, «Ембімұнайгаз» АҚ, «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ, «Қаражанбасмұнай» акционерлік қоғамдары мен «Қазақтүрікмұнай» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі секілді ірі мұнай өндіруші компаниялар. Сонымен қатар, Ресей, Грузия, Армения елдеріне де өз өнімдерімізді жіберіп отырмыз. Компания құрал-жабдықтары мен технологияларын үнемі жаңартып, ал мамандарды тұрақты түрде арнайы курстардан өткізіп тұрады. Мәселен, 2015 жылы сатып алынған көлденең кескіш машина еңбек өнімділігін 1,5 есе арттыруға мүмкіндік береді, — деді зауыттың бас директоры.

Жаңа өнім үлгілерін көріп, мұнай жабдықтарын шығарудың технологиялық үдерісімен танысқан Мәжіліс депутаты зауыт жұмысшыларымен тілдесті.

— Ел экономикасының өсімін арттыруда өндіріс орындарындағы тұрақтылық пен сапалы өнімнің маңызы зор. Осы мақсатта жасалып жатқан жұмыстарды көру үшін бүгін Ақтөбе мұнай жабдықтары зауытына келдік. Бұған дейін аталған кәсіпорында 2005 жылы болған едім. Сол кездегі көптеген шешімі табылмаған мәселелердің жыл өткен сайын өз шешімін тауып жатқандығының куәсі болдық.Әрине, кәсіпорында әлі де шешімі табылуы тиіс мәселелер бар, — деген Мәжіліс депутаты Парламенттің жаңа маусымында өңірлерді аралау барысында көтерілген мәселелерді ортаға салып, белгілі бір нәтижеге жету жолында жұмыс жасайтынын жеткізді.

Сондай-ақ Сергей Симонов өз сөзінде:

«Қай салада болмасын жұмыс жасап жүрген еңбек етуші өз құқықтарын білуі шарт. Ол ең алдымен халықтың әл-ауқатын жақсарту мақсатында елімізде жасалып жатқан шаралардан хабардар болуы тиіс», — деді.

Ақерке САТЫБАЛДЫ.

Тэги новости: Новости политики
Поделитесь новостью с друзьями