Новости в социальных сетях

Подпишитесь на нашу группу и читайте анонсы самых интересных новостей в любимой соцальной сети

ВКонтакте Одноклассники Facebook Twitter

Назарбаевтың мақтауын естігендер

Дата: 22 августа 2019 в 15:43


Назарбаевтың мақтауын естігендер

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ісіне жауапты шенеуніктерді орнымен мақтайды. Күні кеше Nur Otan партиясының саяси кеңесінде Тұңғыш Президент Бердібек Сапарбаевты әкім және министр қызметіндегі жұмысы үшін мақтады. Кейін Назарбаев бүгінгі басқарушылар жайлы айта отырып, қазіргі уақытта Нұр-Сұлтан әкімі қызметіндегі Алтай Көлгіновті мақтады. Tengrinews.kz тілшісі Елбасының қандай мақтау сөздер айтатынын және сол мақтауды естіген шенеуніктерді топтастырды.

«Халық алдына шығудан қорықпайтын Бердібек Сапарбаев»

Nur Otan саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында Елбасы шенеуніктерге кабинетте отырмай, халыққа шығу керек екенін айтты. 

«Проблема туралы тіс жармау — жұмыстың ең жаман түрі. Шешімін табу керек, сұрақтарға жауап беріп, халықпен кездесуден қорықпау қажет. Бірақ бәрі бірдей жаман жұмыс істемейді, бізде халық алдына шығатын, сұрақтарға жауап беруден қорықпайтын министрлер, әкімдер бар. Бердібек Мәшбекұлы, баршаның атынан вице-премьер қызметіне тағайындалуыңмен құттықтаймын. Сен төрт облыстың әкімі болдың. (...) Біз халықпен сөйлестік, олар бізді түсінді. Бәрі солай болды ғой?», — деді Елбасы. 

Бұған дейін Бердібек Сапарбаев премьер-министрдің орынбасары болып тағайындалған болатын. 

Бердібек Сапарбаев жарты жыл министр болғанда елде не өзгерді?

Сапарбаев — Елбасының мақтауын талай естіген шенеунік. Мәселен, 2016 жылы Ақтөбе облысы әкімі қызметінде болған Сапарбаевты Назарбаев былай деп мақтаған: 

«Мен өткен жылы Бердібек Сапарбаевты әкім етіп тағайындадым. Өте тәжірибелі басшы. Үш облыста жұмыс істеді, шаруаға мығым. Бердібек — менің сенімді әріптесім. Мен оны қолдаймын!».

Ұлыбританияда оқып қайтқан Алтай Көлгінов

Партияның кеңейтілген отырысында екінші мақталған Нұр-Сұлтан әкімі қызметіндегі Алтай Көлгінов болды. 

Назарбаев бүгінгі басқарушылар жайлы айта отырып, Нұр-Сұлтан әкімін өзгеге үлгі қылды.  

«Болашақ» ассоциациясының потенциалы көп, онда 10 мыңнан аса адам бар. Бұл мемлекет шетелге жіберген адамдардың саны. Қазіргі таңда 60 мың жас қазақстандық Қазақстан аумағынан тыс жерде оқып жатыр. Ресейдің өзінде 16 мың қазақстандық жүр. Олар шетелден оралып, осында жұмыс істейді», — деді Тұңғыш Президент.

 «Бір кездері біз «Болашақ» түлектерін еліміздің барлық облысына жібердік — аудан әкімдерінің орынбасарлары қызметіне. Неге бұл жұмыстар тоқтап қалды? Мысал ретінде Алтай Көлгіновті алайық. Сол кезде біз оны әдейі облысқа жібердік, енді міне жақсы қызметте, мансабы өсті. Осындай түлектеріміз көп. Олардың жұмысты жақсы атқарып жатқанын көріп отырмыз. Сондықтан жастарға қатысты осы мәселені «Жас Отанның» келесі жылы көктемде өтетін съезінде талқылауды ұсынамын», — деді Нұрсұлтан Назарбаев.


Нұр-Сұлтан әкімі Алтай Көлгінов. © Тұрар Қазанғапов

Айта кетейік, Алтай Көлгінов «Болашақ» бағдарламасы бойынша Ұлыбританияда оқып қайтқан. Түрлі жылдары Орал, Батыс Қазақстан облысы әкімі қызметтерін атқарды. Ал биыл маусым айында Нұр-Сұлтан әкімі қызметіне тағайындалды.

 

Асқар Мамин — ширек ғасыр Елбасымен бірге 

Биыл 25 ақпанда Елбасы премьер-министр қызметіне неге Асқар Маминнің кандидатурасын ұсынғанын түсіндірген.  

«Оның қажетті тәжірибесі бар, менімен бірге ширек ғасыр жұмыс істеп келеді. Қала әкімі болды, көлік министрі болды, премьер-министрдің бірінші орынбасары болды. Ол қолға алып, шешілген іс көп, әсіресе инфрақұрылымдық даму саласында», — деген еді Назарбаев. 

Сондай-ақ, Елбасы Маминге тапсырылған істің бәрі нақты нәтиже бергендіктен оны «тәжірибелі менеджер» деп атады.


Асқар Мамин. © Тұрар Қазанғапов

Адал, ақ ниетті, тәжірибелі Бақытжан Сағынтаев

Сол жиында Үкіметті басқарған Бақытжан Сағынтаев жайлы да Елбасының мақтау сөзін естідік.

«Сағынтаев жайлы арнайы сөз айтайын. Ол алдыңғы қызметтерінде өте жақсы еңбек етті: Павлодар облысы әкімі, экономика министрі, вице-премьер және бірінші вице-премьер. Ол — адал, ақ ниетті, тәжірибелі адам. Басқа да қызметтерде еңбек ете алады. Алайда кейбір министрліктердің жұмысындағы, әсіресе әлеуметтік саладағы ведомстволардағы шалалық Үкіметтің түгелдей отставкаға кетуіне әкеп соқты», — деп пікір білдірген Назарбаев.


Бақытжан Сағынтаев. © Тұрар Қазанғапов

Биылғы 28 маусымнан бері Сағынтаев Алматы әкімі қызметінде. 

«Түнгі көбелектермен» күрес, аурухана мен полицияға тапсырма — Сағынтаевтың бір аптасы қалай өтті

Алматы әкімі қызметі үшін оң баға алған Бауыржан Байбек

Болашақпен оқып келген тағы бір шенеунік, таяуда Nur Otan партиясы төрағасының орынбасары болған Бауыржан Байбек те Елбасының мақтауын естіген. Биыл 29 маусымда Назарбаев Нұр-Сұлтандағы Nur Otan партиясының орталық аппаратына барған кезінде Байбекті таныстыра отырып, былай деген:

»Бауыржан Байбек «Болашақ» бағдарламасының түлегі, дипломатиялық қызметте және Президент Әкімшілігінде жұмыс істеді. Ол бұған дейін партия Төрағасының бірінші орынбасары қызметін атқарған болатын. Бауыржан Байбектің Алматы қаласының әкімі лауазымындағы жұмысына оң баға беруге болады».


Елбасының Нұр-Сұлтандағы Nur Otan партиясының орталық аппаратына барған кезі. 29 маусым. © akorda.kz

Елбасы Бауыржан Байбектің партияны және бүкіл мемлекетімізді дамыту бағдарламаларын жүзеге асыруға зор үлес қосатынына сенім білдірді.

«Керек адам» — Әсет Исекешев

Ал былтыр, 2018 жылдың қыркүйегінде Назарбаев Президент Әкімшілігінің құрамымен жиын өткізіп, оның барысында елорда әкімі қызметінен Президент әкімшілігінің басшысы лауазымына тағайындалған Әсет Исекешевті мақтаған. 

«Әсет Өрентайұлы менің көмекшім болды, министр, премьер-министрдің орынбасары қызметтерін атқарды. Ол бас қаламызда жұмыс істеген соңғы екі жарым жыл ішінде елордалықтардың жоғары бағасына ие болды. Ол белсенді әрі креативті ұстаныммен ерекшеленеді. Қазір бізге дәл осындай адам керек. Исекешев елордаға әкім болған уақытта біз «ЭКСПО-2017 көрмесін және Астананың 20 жылдығын абыроймен өткіздік. Әсет Өрентайұлы бұл міндетті де лайықты орындай алатынына сенімдімін, — деген еді Нұрсұлтан Назарбаев.


Елбасының президент әкімшілігінің басшылық құрамымен кездесуі, 2018 жыл. © akorda.kz

Экономиканы жақсы білетін Бейбіт Атамқұлов

Былтыр, 2018 жылы Елбасы БАҚ өкілдерімен кездесу барысында Бейбіт Атамқұловты Қазақстанның сыртқы істер министрі қызметіне не себепті тағайындағанын түсіндіріп, мақтау айтқан еді.

Елбасы инвестиция мен экспортқа қатысты мәселелерді СІМ қызметкерлері реттеуі керек екенін айтқан.

«Оларға бұл жұмыс ыңғайлы. Олар тілдер мен елдерді біледі. Штаттардың бәрін де соларға беруді жөн санадық. 500 адамға дейін сандалып, не істерін білмей жүргенше, бір органның осы шаруаны бақылағаны дұрыс. Сол себепті, министрліктің профиліне аздап өзгеріс енгіздік. Осы экономиканы білетін адам керек болғандықтан, мамандығы металлург, Малайзияда елші, Еуропада консул болған, жан-жақты тарапты, экономиканы жақсы білетін министр Атамқұловты тағайындадық», — деген еді Назарбаев.


Бейбіт Атамқұлов Нұрсұлтан Назарбаевтың қабылдауында. © akorda.kz

«Біртанов деген өте сауатты азамат»

Ал 2017 жылдың ақпанында Елбасы Денсаулық сақтау министрлігін жекеше құрған себебін түсіндіре келе, Елжан Біртановтың қандай маман екеніне тоқталған.

«Денсаулық сақтаудағы сақтандыру мәселесінде көп жұмыстар бар. Халыққа соны түсіндіру керек және соны іске асыру керек. Бұл халыққа қажет. Денсаулық жүйесіне өте қажет мәселе. Біртанов деген өте сауатты азамат. Америкада оқып келген. Назарбаев Университетінде жұмыс істеген. Сол министрліктің орынбасары болды. Жұмысты біледі, атқарады деп сенемін», — деп сәттілік тілеген еді Нұрсұлтан Назарбаев.


Елжан Біртанов. © Тұрар Қазанғапов

Тәжірибелі әрі салмақты Иманғали Тасмағамбетов

Елбасы екі жыл бұрын Иманғали Тасмағамбетовті Қазақстанның Ресейдегі елшісі қызметіне тағайындай отырып, былай деп пікір білдірген:

«(...) Біріншіден, біз үшін Ресей өте үлкен көрші, әріптес, экономика, саясат жағынан өте жақын мемлекет. Ол жерге өте белді, тәжірибелі, салмақты, Қазақстан мен Ресейдің арасындағы жағдайды білетін адам болғаннан кейін осындай шешім қабылдадым. Екінші қабылдаған себебім, Тасмағамбетовтың өзінің сұрауы солай болды. Өзінің ойы, көңілі. Сол жақта істеп келемін деп, менен сұрағаннан кейін оны да ескеріп, екі жағынан да тура келетін болғаннан кейін тағайындадым. Премьер-министр орынбасарларының аз болғаны жөн. Министрлер өз шаруасын бітіру керек ешкімге сілтемей, ешкімге сүйенбей. Берген мәселені шешіп, өздері жауап беру керек», — деген еді Елбасы.


Иманғали Тасмағамбетов. © Тұрар Қазанғапов

По сообщению сайта TengriNews

Поделитесь новостью с друзьями

Читайте также