Новости в социальных сетях

Подпишитесь на нашу группу и читайте анонсы самых интересных новостей в любимой соцальной сети

ВКонтакте Одноклассники Facebook Twitter

Республикалық тамыз кеңесі: педагогтер мәртебесін асқақтатқан жиын

Дата: 22 августа 2019 в 11:22 Категория: Общество


Республикалық тамыз кеңесі: педагогтер мәртебесін асқақтатқан жиын

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен республикалық тамыз кеңесі өтті. Әр өңірден 2 мыңнан астам делегат жиналған шарада білім саласындағы жұмыстар қорытындыланып,  нақты жұмыс жоспары құрылды, бағыт-бағдар айқындалды.Жалпы кеңесте Қасым-Жомарт Тоқаев білім, ғылым саласындағы 8 мәселені шешу туралы сөз қозғады.  Сондай-ақ, Мемлекет басшысы түйінді мәселелерді шешу  үшін ел Үкіметі мен облыс әкімдеріне, құзырлы органдарға бірқатар тапсырмалар  берді.

Осы жолғы үлкен жиын тамыз кеңесіне тәуелсіздік алғалы бері ел Президентінің алғаш рет қатысуымен де ерекшеленеді. Бұл — Мемлекет басшысының педагогтерге деген құрметі. Мәртебелі мамандық иелеріне деген ізгі ілтипат, ыстық ықыластың тағы бір жарқын көрінісі  — аталған кеңесте педагогтерге мемлекеттік наградалардың — «Құрмет» ордені, «Ерен еңбегі үшін», «Шапағат» медальдарының тапсырылуы. Бұл да ұлт тәрбиешілерінің мерейін үстем етіп, абыройын асқақтата түсті. 

Осыған орай Баспасөз үйінде «Ақтөбе Медиа» ЖШС директоры Раукен Отыншиннің ұйытқы болуымен дөңгелек үстел өтті. Оған облыстық білім басқармасының басшысы Ләззат Оразбаева, облыстық білім саласындағы бақылау департаментінің басшысы Бұлбұл Күзембаева, ардагер-ұстаз Нағашыбай Ердәулетов, Ақтөбе қаласындағы №17 мектептің қорғаншылық кеңесінің мүшесі Әсел Киреева қатысты. Басқосуда алдымен сөз алған Раукен Сағызбайұлыеңбек жолын білім саласында бастағанын айта келіп,редакция қонақтарынапедагогтердің маңызды жиыны — тамыз кеңесінен алған әсерлерімен бөлісуді және басқа да өзекті мәселелерді ортаға салуды ұсынды. 

«ӘЛІППЕ» ҚАЙТА ОРАЛАДЫ

Нағашыбай ЕРДӘУЛЕТОВ, ардагер-ұстаз:

Мені қатты қуантқаны, үш тілде оқыту мәселесі туралы тапсырмасы. Қасым-Жомарт Тоқаев ағылшын тілін оқытуды 2,3-сыныптан немесе ата-аналардың қалауына қарай 5-сыныптан бастау жөн деп отыр. Мемлекет басшысы министрлікке тіл оқыту бойынша біраз тапсырма берді. Әсіресе қазақ тілін дамыту бойынша үлкен міндет жүктеді. Білім мекемелерінде мемлекеттік тілді дамыта түсуде үлкен көңіл бөлінетіні қуантты.

Бізде әсіремақтаншақ ата-аналар бар. Бірде солардың бірі теледидардан балабақшадағы баласының ағылшын тілінде 1-2 шумақ өлең жаттап алғанын мақтанышпен айтты. Ата-ана баласының ең алдымен өз ана тілін терең меңгеруіне күш салуы тиіс. Бұл туралы, бастауышта балалар тек қана ана тілінде білім алуы тиістігі жөнінде алаш қайраткерлері айтып кеткен. Сонда ғана ана тілін сүйетін, еліне, туған жеріне, Отанына деген махабаты шексіз, саналы, отансүйгіш азамат қалыптасады.

Ағылшын тілін, басқа да тілдерді балалар есейе келе қажеттілік болса, өздері-ақ үйреніп алады. Біз мынаны ұмытпауымыз керек, мектепте  ғалымдарды  тәрбиелеп жатқан жоқпыз, мектепте балаларға білім негіздері, саналы тәрбие беріледі. Ал болашақ ғалымдар, мықты тұлғаларды қалыптастыруға арнайы мамандандырылған білім шаңырақтары — Назарбаев зияткерлік мектептері, гимназия, лицейлер күш салсын.

Президент жоғары сыныптарда жаратылыстану-техникалық пәндерді ағылшын тілінде өткізуді мектептердің дайындығына қарап жүргізуді жүктеді. Бұл да өте дұрыс.

Жаңа министрдің ісіне сүйсінгенім, 2021 жылдан бастап Ахмет Байтұрсынұлының «Әліппесінің» мектептерге қайта оралатынын, «Әліппенің» Ахмет Байтұрсынұлының әдістемесі негізінде жаңартылатынын айтқаны.

Заңғар жазушы Мұхтар Әуезовтің «Ел болам десең бесігіңді түзе» деген нақылы бар. Бала тәрбиесін бесіктен түзеу керектігін дана қазақ бұрыннан айтқан болатын. Осыған Мұхтар Әуезов «Ел болам десең» деген сөзді қосты. Мен «елдің» алдына «мәңгілік» сөзін қосар едім. Мәңгілік ел болу үшін ең алдымен ата-ананы тәрбиелеу керек.

Бұл — ұлт болашағын тәрбиелеудегі ең бірінші мәселе.

Екіншіден, мектептердің материалдық базасы мықты болуы тиіс. Қай пәннің болсын  кабинеті толық жабдықталып, көрнекілік құралдары, қажетті аспаптары болуы керек.

Үшіншіден, оқулықтарды дұрыстау қажет. Оқулықтардағы көп материалдар алынып тасталды. Мысалы, бұрын Нұрпейіс Байғаниннің «Ер туралы жыр» туындысы болған еді. Кеңес Одағының Батыры Нарсұтбай Есболатов туралы тамаша поэма. Қазір жас ұрпақты отансүйгішке тәрбиелейтін бұл отты жыр бағдарламада жоқ. Қадыр Мырза Әлінің «Қызыл кітап» поэмасынан үзінді де алынып тасталған…

Төртіншіден, мектептің мұғалімін дұрыстау қажет. Ыбырай Алтынсарин: «Мен жақсы мұғалімдерді жақсы көремін. Өйткені, мұғалім — мектептің жүрегі» деген. Ол өзінің Соколов пен Мазохин деген шәкірттеріне жазған хаттарында оқушы тақырыпты толық игермей жатып, келесі тақырыпқа көшпеу керегін айтқан. Біздің мектептерде баланың тақырыпты игеріп, игермегені маңызды емес, маңыздысы — сағаттан, бағдарламадан қалмау. Сосын оқушы келесі тақырыпты да ұқпай отырғаны. Бұдан кейін білім сапасы туралы не дей аламыз?..

БАЛАБАҚШАЛАРҒА 2 ЖАСТАҒЫ БАЛА ҮШІН МЕМЛЕКЕТТІК ТАПСЫРЫС БЕРІЛЕДІ

 Ләззат ОРАЗБАЕВА, облыстық білім басқармасының басшысы:

Қасым-Жомарт Кемелұлы тамыз конференциясында алдағы 4 жылдың ішінде мұғалімдердің еңбекақысын 2 есеге өсетіндігін мәлімдеді. Мұғалімдерді материалдық ынталандырудың ішінде сынып жетекшілігі мен дәптер тексергені үшін екі есе ақы төлеу, барлық педагогтердің еңбек демалысын 56 күнге дейін көбейту, басқа да  шаралар бар. Сол кездегі Премьер-министрдің орынбасары Гүлшара Әбдіқалықова 2020 жылдың 1 қаңтарына дейін «Педагог мәртебесі туралы» заң қабылданатындығын айтты. Жалпы «Педагог мәртебесі туралы» Заң жобасы мұғалімдер арасында кеңінен, жан-жақты талқыланды. Мұнда педогогке деген құрмет көп.

Біз жиында Қасым-Жомарт Кемелұлының педагогтерге деген қамқорлығын айқын сезіндік.

Кеңесте жаңа министр Асхат Аймағамбетовтің мазмұнды баяндамасын тыңдап, бір серпіліп қалдық.  Министр өз сөзінде балабақшаға мемлекеттік тапсырыс 2 жастан бастап берілетінін айтты. Бұл — ата-ана үшін де, жеке кәсіпкер үшін де үлкен көмек. Өйткені, бұған дейін, қазір де балабақшаларға мемлекеттік тапсырыс 3-6 жастағы балаларға ғана беріледі. Ал 3 жасқа толмаған баласы үшін ата-ана ақшаны өз қалтасынан төлеуге мәжбүр. Бұл өздері пәтер жалдап күн көріп жатқан жас отбасылар үшін оңай емес.

Министр оқулықтағы олқылықтардың қалыпқа келетінін жеткізді. Елімізде 18-20 баспа бар. Министр баспаларға: «Жаңа оқулықта қате болса, қабылдамаймыз» деген талап қойды.

Шарада Асхат Аймағамбетов білім саласындағы басқа да көптеген мәселе төңірегінде сөз қозғады. Мысалы, студенттердің өндірістік тәжірибесінің уақыты өзгертіледі. Мектептерде ақылы олимпиадалар болмайды. Сондай-ақ оқушыларға 7-сыныптан бастап кәсіби бағдар беру қолға алынатын болды. Расын айту керек, мұғалімдік мамандықты көбіне мемлекеттік грантты иелене алмай қалған талапкерлер таңдайды. Өйткені, ата-ана баласын оқу ақысы 800 мың теңге тұратын медицина университетіне немесе жылдық ақысы 800-900 мың теңге тұратын мұнай-газ саласының мамандығына жібермейді. Сол себепті, жастар оқуақысы 250-300 мың теңге тұратын педагогтік мамандықтың бірін таңдауларына мәжбүр болады.  Міне, осыдан педагогтердің сапасы төмендейді.

Енді жүрегімен мұғалім болатын жастарды тәрбиелеп, оларға бағыт-бағдар беретін боламыз.

Министр айтқан тағы бір бастама — енді түрлі деңгейдегі білім бөлімдерінің басшылары арнайы іріктеуден өтеді.

Асхат Қанатұлы осы уақытқа дейін даулы мәселеге айналған балабақшаларды сенімгерлік басқаруға беруге байланысты мәселенің де нақты шешімін айтты. Елбасы колледждерді дуалды оқытатын мекемелерге беру қажеттігін айтқан болатын. Бұл — дұрыс. Ал балабақшаны «сенімгерлік басқарудың жөні осы екен» деп кез келген мекемеге, мысалы, дөңгелек жөндейтін шеберхананың иесіне бере салуға болмайды.  Министр осыған тоқтам салды.

Білім саласында еңбек етіп жатқаныма биыл — 30 жыл. Осы жылдар ішінде тамыз кеңесі талай рет өтті. Дегенмен, ең көңілімнен шыққаны, ұнағаны — осы жолғы жиын болды. Ертең облыстық тамыз кеңесінде педагогтерге айтарым көп болады. Бұл кеңес педагогтерге да үлкен жауапкершілік жүктейді. Дөңгелек үстелге ата-аналар қауымдастығының өкілі де қатысып отыр. Айтарым, ата-аналар мектепте жұмыс істегісі келетін жастың мұғалімдік мамандыққа жүрегімен келуі керектігін көбірек айтып, жастардың санасына сіңіруі керек.

АУЫЛ МЕНЕН ҚАЛА: АЙЫРМАШЫЛЫҚ ЖӘНЕ КЕМШІЛІК

Нағашыбай ЕРДӘУЛЕТОВ:

Тілші:

Ләззат ОРАЗБАЕВА:

Екінші мәселе  — интернет әлсіз. Әсіресе, Ойыл, Байғанин, Ырғыз аудандарында және Қобданың кейбір ауылдарында интернет желісінің жылдамдығы өте төмен. Жалпы облыстағы барлық мектептерде интернет қосулы. Дегенмен, бұл ауыл балаларының бәрі — бірдей интернет игілігін көріп жатыр деген сөз емес. Ауылдағы біраз  мектептерде интернет тек қана электронды пошта қабылдаудың қызметін атқарып отыр.

 Тілші:

Ләззат Оразбаева:

Жалпы біздің ел 12 жылдыққа  осыдан 5 жыл бұрын көшіп кетуі керек еді. Дегенмен, оған мектептердің материалдық базамен толық қамтылмағандығы кедергі келтірді. Қазір интернетті ретке келтіру, цифрландыруды жетілдіру мақсатында кешенді жұмыстар қолға алынып жатыр. Былтыр облыс мектептері үшін 5 мың компьютерді бірден алдық. Бұрын-соңды мұндай жағдай болған жоқ. Бір ауданда көп дегенде 15-20 компьютер алуы мүмкін еді. Міне, мұның бәрі материалдық базаны нығайту мақсатындағы іс. Биыл тағы 20 кабинет жаңартылады.

Облыста 399 мектеп бар. Соның үштен бірінен көбі шағын жинақты мектептер. Ал шағын жинақты мектептердің бәрі ауылда орналасқан. Сол себепті қала мен ауыл мектептерінің арасында айырмашылық болатыны рас. Қазір шағын жинақты мектептер мәселесін шешуге бағытталған жұмыстардың бір парасы — Құдайберген Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінде жүзеге асырылып жатыр. Мұнда қосарланған мамандықтар ашылып, онда оқып жатқан студенттер бар.

ЛИЦЕНЗИЯЛАУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ НЕДЕ?

Бұлбұл Күзембаева, облыстық білім саласындағы бақылау департаментінің басшысы:

— Біздің мекеме де облыстың білім саласының жақсаруы үшін жұмыс жасайды. Республикалық тамыз кеңесінде көп мәселелер айтылды.

Мектепке дейінгі білім мен тәрбие — білімнің де, тәрбиенің де бастауы. Сол себепті балабақшаларда балаға лайықты білім мен тәрбие берілуі үшін жағдай жасалуы тиіс. Қазір балабақшалар ашылған кезде ешқандай лицензия алмайды. Бұрын болды. Одан кейін алынып тасталды. Біздің мекемеге мектепке дейінгі білім мекемесінің ашылғандығытуралыбаза арқылы автоматты түрде хабарлама беріледі. Бұл арқылы біз тек қана балабақшаның ашылғанын, мекенжайын білеміз. Өкінішке қарай, қазір ата-аналардан  осыған байланысты көптеген арыздар түсіп жатыр. (Дегенмен ешқандай тексеру жүргізе алмаймыз). Соныңішінде жеке балабақшаларға байланысты. Әсіресе, балалардың құқықтарының бұзылуы, санитарлық талаптардың сақталмауы, мемлекеттік міндетті білім беру стандартының орындалмауы, тәрбиешілердің балаларға дұрыс қарым-қатынас жасамауы, педагогтердің этика сақтамауы секілді арыз көп. Соған байланысты біз аймақтардағы департаменттер бірлесіп, өзіміздің комитетке балабақшаларды лицензиялау қажеттігі жөнінде ұсыныс берген болатынбыз. Сол ұсынысымыз министрлік тарапынан қолдау тауып, 2021 жылдан бастап балабақшалар лицензиялау ұйымына жататын болды. Келесі жылы дайындық жұмыстары жүргізіледі, нормативтік-құқықтық құжаттарға өзгерістер енгізіліп, заң бекітіледі.

Лицензиялау бізге не береді? Біріншіден, балабақшалар ашылған кезде  материалдық-техникалық базасының жабдықталуы анықталады.  Ғимараттан бастап, барлық құрал-жабдықтары, жиһаздары тексеріледі.

Екіншіден, кадрлармен қамтылуы ретке келеді. Кадрлардың міндетті түрде дипломы болуы тиіс. Мекеме мамандығына сәйкес мамандармен толық қамтылуы керек.

Үшіншіден, оқу бағдарламаларының сәйкестігі. Осы негізгі үш мәселе бойынша тексеріледі. Сәйкес болған жағдайда ғана мекемеге лицензия беріледі.

Биылдан бастап 8-сынып оқушыларына үш жаңа пән оқытылады. Олар: кәсіпкерлік негіздері және бизнес, графика және жобалау, алғашқы әскери және технологиялық  дайындау. Мұның бәрі балаларға кәсіби бағдар беруге байланысты.

Нағашыбай аға жаңартылған білім беруге байланысты пікір білдіріп жатыр. Ешқашанда енгізілген кез келген реформа балаларға оқуды, жазуды, сөйлеуді шектемейді. Реформа үлгіні береді. Әрі қарайғы жұмыстың нәтижесі педагогтың шеберлігіне байланысты.

Өкінішке қарай, соңғы кездері балалардың жазу, оқу сауаты төмендеп бара жатыр. Бұл жерде мұғалімдер арасында түсіндіруді көбірек жүргізуіміз керек.

Шағын жинақты мектептер туралы кеңесте көп нәрсе айтылды. Шағын жинақты мектептер тірек мектептерге бекітіледі. Кеңесте интернат, «уақытша отбасы» туралы да жақсы айтылды. «Уақытша отбасы» — тірек мектептерде оқитын балаларға арналған жоба. Бала интернатта емес, сол ауылдағы туысының үйінде уақытша тұруы мүмкін. Бұл үшін туысына мемлекеттен интернат үшін бөлінетін қаражат бөлінеді.

«Білім туралы» Заңда педагогтерге қойылатын талаптың бірі — мұғалімнің  өзінің беретін пәніне сәйкес мамандығы болуы керектігі көрсетілген. Ал шағын жинақты мектептердегі мұғалімнің мамандығыөзінің пәніне сай болуымен қатар, егер ол басқа пәндерден де сабақ беретін болса, сол пәндер бойыншақосымша арнайы курстардан өтуі тиіс. Аталған білім шаңырақтарындағы маман мәселесіншешу осы жолмен де реттеледі.

Мемлекет басшысы әл-Фарабидің «Тәрбиесіз берілген білім — адамзаттың қас жауы» деген сөзі барша білім саласы қызметкерлерінің бой түзер бағдары болуы тиістігін айтты. Тәрбие туралы Нағшыбай аға өте жақсы пікір айтты. Бала тәрбиесі ең алдымен ата-анаға байланысты. Рас, алдымен, ата-аналар тәрбиелі болуы тиіс. Қазір ата-аналардың бәрі бірдей бала тәрбиесімен айналысуға дайын емес. Сондықтан ата-ананы кім тәрбиелейді? Әрине, мектеп. Сол үшін министр психологтардың жұмысын күшейтуді атап өтті. Сонда ғана сапаға қол жеткізе аламыз.

Нағашыбай аға педагогтерді түзету керек деп те жақсы айтты. Бізде қазір мұғалімдердің бәрі педагог деген атауға лайықты деп айта алмаймын. Себебі, қай пәннің мұғалімі болмасын оқушыға, жалпы жүрген жерінде адамдарға тәрбиелік іс-әрекеттер, өнеге көрсетуі тиіс. Сол себепті, мұғалім үйде де, мектепте де, көшеде де, қоғамдық орындарда да мұғалім болуы керек. Бұл тұрғыда «Көш жүре түзелер» деуден басқаайтар уәжіміз жоқ.

Кейбір мектептерде жас мамандарға жақсы бағыт-бағдар берілсе, өкінішке қарай,  кейбір жас мамандар қысымға ұшырап жатады. Мұны біз арыз-шағымдардан білеміз. Енді жас мамандарға тәлімгерлер бекітіледі. Оларға жас маманды үйреткені, тәжірибе бергені үшін ақы төленеді.

Жиында пәндер қауымдастығын құру туралы да айтылды. Бұл қауымдастық та өз нәтижесін береді деп ойлаймын. Сондай-ақ колледж директорларын аттестациялау, ауылдық жерлердегі колледждерді дамыту мәселелері де көтерілді.

Орта білім берудің негізгі көрсеткіші мектеп түлектерінің мемлекеттік грантты иеленуімен есептеледі, ал колледждер мен университет, институттардағы білім сапасы түлектердің жұмысқа қамтылуымен анықталады.

Соңғы мәселе — білім саласындағы сыбайлас жемқорлық мәселесі. Қандай жиын болмасын бұл мәселе айтылады. Өйткені, білім саласында жемқорлық болмауы керек.

Енді департамент жұмысы туралы айтсам, биылғы өзгерістердің бірі—  біздің мекемеге бақылау қызметтерімен, мемлекеттік қызметтер көрсетумен қатар балалардың құқықтарын қорғау функциясы да қосып беріліп отыр. Білім сапасын анықтау үшін 4,9,11-сыныптардан жылына бір рет оқу жетістіктерін сырттай бағалау жүргіземіз. Онда да мектептер толық қамтылмайды. Тестілеуге балалары қатысатын мектептер автоматты түрде іріктеледі. Сол бойынша оқушылардан тест алып, соның қорытындысы бойынша бағалаймыз.

Келесі жылдан бастап бұл тестілеу болмайды. Біздің мекеме профилактикалық бақылау жүргізеді. Сондықтанпрофилактикалық бақылау кезінде сол мектептің оқушыларынан тест алынады. Сол арқылы білім сапасы анықталады. Бақылауды білім саласынан мүлде алып тастауға болмайды. Жұмыс жасалған жерде бақылау міндетті түрде болуы керек.

«ПЕДАГОГ ЖОҚ ЕМЕС БАР, АУЫЛҒА БАРМАЙ ЖАТЫР»…

 Ақтөбе қаласындағы №17 мектептің қорғаншылық кеңесінің мүшесі Әсел Киреева:

Тілші:

— Ләззат Аманжолқызы, мектеп формасы туралы айтсаңыз?

 Ләззат ОРАЗБАЕВА:

— Мектеп формасында ешқандай өзгеріс болған жоқ. Мектеп формасы мектепте сақталу міндетті. Жарғыда қалай көрсетілген солай сақталады.

Өткен оқу жылында міндетті мектеп формасы талаптарын орындамаған  8 оқушының  7-еуі сыныптан сыныпқа көшірілген жоқ.

Тілші:

Ақтөбе қаласында орыс мектептеріне, орыс сыныптарына бастауыш сыныптардағы мұғалім керек, орыс тілінде математикадан сабақ беретін мамандар қажет.

По сообщению сайта Ақтөбе газеті

Поделитесь новостью с друзьями