Новости в социальных сетях

Подпишитесь на нашу группу и читайте анонсы самых интересных новостей в любимой соцальной сети

ВКонтакте Одноклассники Facebook Twitter

Сексен балаға қолдау жасалды

Дата: 17 августа 2019 в 10:12 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Сексен балаға қолдау жасалды

Ақтөбе қаласы Алматы ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен және «Жеті қазына» ойын-сауық кешенінің қолдауымен 80 балаға арналған «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясы өтті.

Шараның өтуіне қолдау көрсетіп, жас жеткіншектерге демеушілік жасағандар қатарында «Қазстрансойл» АҚ, «Меркурий» ЖШС, «Шинторг» ЖШС, «Бота Мұқаева» сән салоны, «Жаңатау» шаруа қожалығы, «Геопард» ЖШС, «Махаббат» техникалық-көлік станциясы, «Темірбетон» ЖШС, «Казпромгеофизика» АҚ, «Абди», «Арзан» дүкендері, «Алманов» шаруа қожалығы сияқты қаладағы ірілі-ұсақты мекемелер, сонымен қатар, «Әнес Руслан» жеке кәсіпкерлігі, Ғалым Айдай, Нұрмаш Бейсеуов секілді азаматтар бүлдіршіндердің мектепке қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілуіне атсалысты.

Қайырымдылық шарасында ең алғаш болып «Қазтрансойл» компаниясы атынан акционерлік қоғамның жас мамандар кеңесінің төрағасы Әйгерім Кенжеғұлова сөз сөйлеп, жиынның шымылдығын ашып берді. Ол өз сөзінде санаулы күндерден кейін жаңа оқу жылын бастағалы отырған жас жеткіншектерге ақ жол тілеп, компанияның атынан балаларға сыйлықтарын табыстады.

«Биылғы оқу жылында Ақтөбе қаласы бойынша мектепке баратын көмекке мұқтаж балаларды оқу құралдарымен қамтамасыз етуге демеушілік көрсетіп отырмыз. «Казтрансойл» компаниясы бұған дейін де Ақтөбе қаласы, оның ішінде осы Алматы ауданы бойынша көптеген мұқтаж жандарға көмектерін көрсетіп келеді. Жақында Алматы ауданындағы жаңадан салынған ойын алаңына балаларға ағаш отырғызуға көмектестік. Жыл сайын «Мектепке жол» акциясы бойынша балаларға мектеп құралдары мен киімдерін алып беруге септігімізді тигіземіз»,— деді ол.

Шараның өтуіне қолдау көрсетіп отырған демеушілердің тарапынан барлығы 1 миллион 200 мың теңге көлемінде қаражат бөлінді.

Аталған қайырымдылық акциясына 40 мектептен 80 оқушы және балалардың ата-аналары қатысып, демеушілерге алғыс білдірді.

Бекет АЙСҰЛТАН,

Ақтөбе қаласы.

По сообщению сайта Ақтөбе газеті

Поделитесь новостью с друзьями