Новости в социальных сетях

Подпишитесь на нашу группу и читайте анонсы самых интересных новостей в любимой соцальной сети

ВКонтакте Одноклассники Facebook Twitter

Рэпер Jah Khalib шымкенттіктерді көпшілік не үшін ұнатпайтынын айтты

Дата: 15 августа 2019 в 11:13 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Рэпер Jah Khalib шымкенттіктерді көпшілік не үшін ұнатпайтынын айтты

Ресейде танылған қазақстандық рэп орындаушы Бахтияр Мамедов (Jah Khalib) Шымкент қаласы мен шымкенттіктер туралы пікір білдірді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы ол YouTube хостингіндегі парақшасында жүктеген видеосында айтты.

«Қазақтар — жауынгер халық. Ертеде, өткен заманда, бұл көшпенді халық, көшіп жүрді. Барлық жағдайға бейімделгіш. Өзбек тақырыбы кәсіпкерлік туралы ой қалыптастырады. Біздің елде көпшілігі шымкенттіктерді ұната бермейді. Себебі бұл жігіттер өзгеге қарағанда белсенді, кәсіпкерлікке жақын, пысық. Олар бүкіл Қазақстанда», — дейді ол.

Сосын ол Хазар есімді марқұм досы жайлы әңгімеледі. 

«Мықты жігіт. Бірінші әндерімізді айтып жүргенде студияда таныстық. Аты дүркіреп тұрған кезі еді. Бәріміз үшін ақсақал секілді еді. Өмірімде талай жөн сілтеді. Бірінші рет Шымкентке концерт қоюға келгенімізде мені күтіп алған еді. Шымкентті осы Хазармен байланыстырамын. Себебі ол осы қаланың қонақжайлығын көрсетті. Сол халықтың қонақжайлығы дер едім. Себебі мен үшін шымкенттіктер бөлек бір халық. Соншалықты дана, күшті халық», — деп сипаттайды ол Шымкент қаласын. 

Әңгіме арасында ол сұхбаттасушысына өзбек қызын емес, Шымкенттен қыз алуға кеңес береді.

Айта кетейік, Бахтияр Мамедов Алматыда 1993 жылы 29 қыркүйекте дүниеге келген. Рэп орындаушының жұлдызы жанған сәт «Лейла» әнінің шығуы еді. Ал «Медина» әніне түсірілген бейнебаяны бүгінге дейін 100 миллион қаралым жинап, сол 2017 жылы Муз-ТВ 2017 жүлдесін жеңіп алған. Ал 2018 жылы Мәскеуде «Медина» әнімен «Золотой граммофон» жүлдесін алды.

По сообщению сайта TengriNews

Поделитесь новостью с друзьями