Новости в социальных сетях

Подпишитесь на нашу группу и читайте анонсы самых интересных новостей в любимой соцальной сети

ВКонтакте Одноклассники Facebook Twitter

«Тазыны патенттеу үшін 1000 иттің құжаты керек» — Маман

Дата: 08 августа 2019 в 13:33 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша



Тазыны патенттеу үшін 1000 иттің құжаты керек. Бұл туралы Алматы қаласындағы «Асыл тазы» қауымдастығының басшысы Нұрғали Нұрышов мәлімдеді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Ұйым басшысы тазыларды патенттеу тұрғысында мәселелер бар екенін атап өтті. Құжат жасау үшін тазы иелері ең алдымен сарапшыларды шақырып, көрме ұйымдастыруы керек екен. 

«Біздің халық құжат рәсімдеу жағына аса мән бере бермейді ғой. Тазы баптайтын адамдардың көбі ауылды аймақтарда тұрады. Сондықтан құжат мәселесі оларды алаңдатпайды», — дейді ұйым басшысы. 

Нұрғалидің айтуынша, тазынының шығу тегі қазақ жері екенін дәлелдеп, патенттеп алу үшін халықаралық ұйымға 1000 тазының құжатын өткізу керек. Өкінішке қарай, Қазақстан бойынша тек 400-ге жуық тазының құжаты бар екен. 

«Ал болжам бойынша елімізде шамамен 1500-ға жуық тазы бар. Солардың барлығы ресми құжаттарын дайындап, тіркеуден өткеннен кейін ғана тазыны патенттей аламыз. Қазіргі мақсатымыз құжат санын 1000-ға жеткізіп, халықаралық FCI (Federation Cynologique Internationale) ұйымына өткізіп, тазыны өзімізге патенттеп алу», — дейді Нұрғали. 

Тазының басқа иттерден ерекшелігі, ол өз орнын білетін өте ақылды жануар. Ұйым басшысының айтуынша, шаруа қожалығында тазыдан бөлек төбет те бар. Төбет адамдарға өте жақын болады. Олардың негізгі мақсаты — үй қорғау, мал қорғау. 

«Кезінде ата-бабамыз мал бағып, көшпелі өмір сүрген ғой. Сол үшін төбет қасқырлар не басқа да жыртқыш аңдардан қорғаған. Қазір бізде 5-6 төбет бар», — дейді Нұрғали.

Нұрғалидың айтуынша тазы ерекше күтімді талап етпейді. 

«Мен өз басым тазыларға піскен ет беремін. Себебі шикі ет берсеңіз тазының ішіне құрт түсіп, бабы төмендеп қалуы мүмкін», — дейді ол.

Нұрғалидың сөзінше, тазыларды күнделікті тамақтандырудан бөлек, жиі жүгіртіп тұру керек. Жаз мезгілінде тазыларды таңертеңгі және кешкі салқын уақытында жүгіртеді екен. Ал күзде күніге жүгіртуге болады. Көбіне ат суытқан кезде, тазы бірге жүгіріп, өзін суытып, аңшылыққа дайындалады. Яғни күзде басталатын аңшылық маусымына дайындалады. 

«Жазғы уақытта тазылардың қоректенуіне ерекше көңіл бөлеміз. Піскен ет және макарон өнімдеріне дәрумендер салып беріп, күзге дайындаймыз. Себебі күзде тазылардың барлығы аңшылыққа кетеді», — дейді Нұрғали. 

«Асыл тазы» ұйымының мақсаты — қазақы стандартқа сай тазыларды Қазақстан бойынша жинап, оларды асылдандыру, ата-бабаларымыздың бізге мұра етіп қалдырған тазыларын таза күйінде, бөтен иттің қанын араластырмай көбейту. Ұйымда жалпы 25 шақты тазы мен 6 төбет бар. Нұрғали Қазақстан бойынша қаны таза тазыларды жинап, қарамағына алып, асылдандырып жатыр. Оның сөзінше, ұйым адамдардың тазыларға деген қызығушылығын кішкене де болсын ояту мақсатында көрмелерді жиі өткізіп тұрады. 

«Тазы жеті қазынаға бекерден бекер кірмейді ғой. Ашаршылық кезінде екі тазы бір ауылды құтқарып қалған кездер болған. Сол үшін де біздің халық тазыны құрметтейді», — дейді Нұрғали. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Бір-бірін сыйлай білетін, бір-бірін жақтай білетін қазақты көргім келеді... Сыйлап, жақтап, тыңдап, сіз-біз болып жүрейік, бауырлар. _ Осы жылы жастар жылы деп жатыр, жастарымыздың жүрегінде иманы бар, патриот сезімі ояу, үлкендерді сыйлай білетін, салт-дәстүрді ұмытпаған жастар коп болсын✋ Нұрғали бауырларың @nurgalinur @qazaqtygyn_olmesin @zhetikazynakusbegi @alash_ulandary @attar.kz @kokpar.kaz #асылтазы #асылсоз

Публикация от Құмай тазы (@asyl_tazy) 25 Янв 2019 в 8:46 PST

Ұйым басшысының айтуынша, қарамағындағы тазылар үнемі жарыстарға қатысып тұрады. Соның бірі биыл 26 мамырда Талдықорған қаласында болған тазы жарысынан «Тұйғын» деген ақ арланы бас жүлдені алған. 

Айта кетейік, «Асыл тазы» қауымдастығының ашылғанына 2 жыл болған. Негізінен тазылардың құжаттарын рәсімдеуге көмектеседі. Сондай-ақ қазақи тазыларды сақтап қалу мақсатында жарыстар өткізіп, иттерді асылдандырып, қазақи саятшылықты дамыту аясында қызмет етіп отыр. 

По сообщению сайта TengriNews

Поделитесь новостью с друзьями