Новости в социальных сетях

Подпишитесь на нашу группу и читайте анонсы самых интересных новостей в любимой соцальной сети

ВКонтакте Одноклассники Facebook Twitter

«Бақытты отбасы»: 89 үміткердің құжаты мақұлданды

Дата: 08 августа 2019 в 11:12 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


«Бақытты отбасы»: 89 үміткердің құжаты мақұлданды

Облыста мемлекеттік тұрғын үй қорынан пәтер алу үшін 30 мыңнан астам азамат кезекте тұр. Оның 10 815-і — «Бақытты отбасы» бағдарламасына қатысуға әлеуетті үміткер.

Бүгінгі күні аймақта аталған бағдарлама бойынша жылдық үстемеақысы

2 пайызбен баспаналы болған отбасылар бар. Қазір құзырлы органдар Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіндегілермен осы бағытта жүйелі жұмыс атқарып жатыр. 

316 адам құжат тапсырды

Бүгінде ақтөбеліктер «Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша баспана алу мүмкіндігіне қол жеткізіп жатыр. Облыс әкімі Оңдасын Оразалин аталған бағдарламаны жүзеге асыруда аймақта ешқандай кедергінің жоқтығын,  жергілікті атқарушы органның бастапқы қадамдарға дайын екенін айтқан болатын. Қазір жергілікті әкімдік пен банк осы бағытта тығыз жұмыс жасауда.

«Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Ақтөбе филиалы директорының орынбасары  Жанболат Қалменовтың айтуынша, қазіргі күні Ақтөбе қаласы әкімдігінен 1000-нан астам жолдама берілген.

— «Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша банкке 539 адам жолығып, оның 316-сы құжаттарын тапсырды. Бүгінгі күні құжат тапсырғандардың 89-ына несие алуға рұқсат берілді. Мәселен, аталған бағдарламаға қатысушы

8 миллион теңгенің шамасында үй алуға тапсырыс беріп, қажетті құжаттарын банкке өткізеді. Содан кейін банк несие беруді мақұлдайды немесе бас тартады. Егер үміткер банк тарапынан несие алуға рұқсат алса, онда 8 миллион теңгенің көлеміндегі пәтерді  іздейді. Кейін көздеген пәтерінің құжаттарын банкке әкеліп тапсырады. Бұл жерде бағдарламаға қатысушыға жылдық үстемеақысы 2 пайызбен несие беріледі, — дейді Ж.Қалменов.  

Оның айтуынша, аталған бағдарламаға қатысуға ниет еткен 223 адамның өтініші банк тарапынан мақұлданбапты. «Басты себеп — табыстың жеткіліксіздігі. Көпшілік тұрғын «Бақытты отбасы» бағдарламасы талабының қиын екенін, отбасына келетін кірістің мөлшері асып кетеді дегенді айтады. Негізінде олай емес, көбісінде отбасының кірісі жетпей жатады. Ең бірінші себеп — олар кіріс мөлшерін дәл 42500 теңге етіп көрсетеді. Яғни, осылай  отбасы кірісін ең төменгі мөлшерде көрсетуге тырысады. Сол сияқты, өтініш берушілердің арасында бейресми жұмыс жасайтындар бар.  Сондай-ақ атына бір емес, бірнеше мәрте несие рәсімделген азаматтар да кездесті. Олар отбасы кірісін 42500 теңге етіп көрсетеді, ал  ай сайын 70-80 мың теңге көлемінде несие төлейді. Осындай себептерге байланысты несие беруге мақұлданбаған өтініштер бар, — деді  банк өкілі.     

Жанболат Қалменов қазір аудандағы салымшылардың да ниет етіп, осы бағдарламаға қатысу үшін өз өтініштерін беріп жатқанын айтты. Ең бастысы — үміткер  жергілікті жердегі  тұрғын үй қатынастары  бөлімінен пәтер алу кезегінде тұрғанын растайтын жолдаманы әкелуі тиіс. Банктің талап ететін басты құжаты да — осы.

Банк өкілінің айтуынша, «Бақытты отбасы» бағдарламасына қатысушыға аудан орталықтарынан да пәтер алуға мүмкіндік бар. Ол үшін алатын үйдің жағдайы банк талабына сәйкес болуы шарт. Бүгінгі күні несие рәсімдеуге рұқсат алған 89 үміткердің арасында аудан тұрғындары да бар.

—Тұрғын үй сертификаты пәтердің бастапқы құнының 10 пайызын жинауға шамасы келмегендерге ғана беріледі. Алайда оның тізімін мәслихат бекітеді, — дейді әкімдіктегілер.

Дайын пәтерлер, қарқынды құрылыстар

Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысы Дастан Амановтың айтуынша, қазіргі таңда облыс бойынша мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алу үшін кезекте 30 мыңнан астам азамат тұр. Оның 10815-і —  «Бақытты отбасы» бағдарламасына қатысуға әлеуетті үміткерлер. Соның 8634-і — Ақтөбе қаласы бойынша тіркелген азаматтар.

Оның айтуынша, қазіргі күні облыста аталған бағдарлама бойынша 974 пәтер өз иесін күтіп тұр. Оның 506-ы — бір бөлмелі, екі бөлмелі пәтерлер саны — 303, ал қалғандары — үш бөлмелі пәтерлер.  Бір бөлмелі пәтерлердің жалпы алаңы — 35-52 шаршы метр,  екі бөлмелі пәтерлердің жалпы ауданы — 56,1-73,5 шаршы метр болса, үш бөлмелі пәтерлердың ауданы — 70,1-92,2 шаршы метр.

Арайлым НҰРБАЕВА.

Облыс бойынша мемлекеттік тұрғын үй қорынан пәтер алу үшін кезекте тұрғандар саны

«Бақытты отбасы» бағдарламасына қатысуға әлеуетті үміткер есебінде тұрғын үй алу үшін кезекте тұрған азаматтар

«Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша дайын пәтерлер саны

(12 650,1 м2)

(12 513,0 м2)

(7 883,8 м2)

(48 115,0 м2)

(20 363,0 м2)

 

По сообщению сайта Ақтөбе газеті

Поделитесь новостью с друзьями