Новости в социальных сетях

Подпишитесь на нашу группу и читайте анонсы самых интересных новостей в любимой соцальной сети

ВКонтакте Одноклассники Facebook Twitter

«Қожалыққа қасапшы керек…»

Дата: 08 августа 2019 в 10:52 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


«Қожалыққа қасапшы керек…»

Бестамақ ауылдық округіндегі «Есбол» шаруа қожалығы— аудандағыжылқы өсіру, жылқы малын бордақылаумен айналысатын шаруашылықтың бірі. Бүгінгі күні қожалық басшысы 60 жылқыны бордақылап отыр.

Өткен жылдан бастап Бестамақ ауылының маңынан жер алып, өз қаржысына баз салып, шаруасын дамытқан кәсіпкер Сәкен Сүйеубаев алдағы уақытта мал бордақылау алаңындағы жылқы санын 500-ге жеткізуді көздеп отыр. Бүгінге дейін шаруа 100 млн теңгеден астам қаржыға мал бордақылау алаңы мен жұмысшыларға арналған жатақхана салған. Алдағы уақытта ол мал соятын алаң салуды жоспарлап отыр.

— Қазіргі таңда бордақылау алаңында 60 жылқы бар. Алдағы үш айда оларды бордақылып, сатамыз. Қазір жылқы етінің бағасы — 1800 теңге. Ет бағасы көтерілген сайын жылқы малын алатындардың саны да аз. Ал малды арзан бағаға берейін десең, жем-шөбі мен күтімін ақтамайды. Осыдан екі жыл бұрын малға беретін кебектің бір қабы 350 теңге болса, қазір бағасы — 1500 теңге. Одан бөлек арпасы мен шөбі тағы бар, — дейді кәсіпкер.

Оның айтуынша, бүгінде бордақыланған жылқының бағасы — 500-600 мың теңге. Шаруашылық қазір мал тұқымын ет бағытында дамытса, алдағы уақытта қымыз өндіруді де жоспарлап отыр. Сондай-ақ келер жылы жер көлемін ұлғайтып, ірі қара, қой шаруашылығын да дамытқысы келеді. Бүгінде қожалықта бір отар қой бар.

Оның айтуынша, шаруашылық күзде жем-шөпті шаруалардан сатып алады. Ал кебекті Қостанай облысынан әкеледі.

***

Айта кету керек, аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Қайрат Мусиннің айтуынша, Алға ауданы бойынша 451 шаруа қожалығы тіркелген. Бүгінгі күні оның 287-сі тұрақты жұмыс жасайды. Биыл ауданға 2200ірі қара, 2500 ұсақ мал сатып алу жоспарланған. Бүгінде аудандағы «АкТеп» ЖШСАҚШ және Австралия елдерінен 4 269 ірі қара сатып алса, басқа шаруашылықтар ұсақ мал санын 2600-ге көбейткен.

Қазіргі таңда ауданда 44 600 ірі қара, 76 600 қой, 8100 жылқы, 145 түйе бар. Сондай-ақ аудан бойынша жалпы егіс көлемі — 87900 гектар.

Д.ТАУАНОВА,

Алға ауданы.

ШАРУАШЫЛЫҒЫ КӨП АУЫЛ

Құйлыс ауылы — аудан орталығынан 90 шақырым қашықтықта орналасқан шағын елді мекен. Қазір мұнда 790 адам тұрады. 110 түтіні бар ауылда мал шаруашылығы мен кәсіпкерлік саласы жақсы дамыған.

Тәуіп ауылдық округінің әкімі Камал Тілеужановтың айтуынша, бүгінде округте 9 шаруа қожалығы, 2 Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, 16 кәсіпкерлік субъектісі, сондай-ақ Құйлыс орта мектебі, дәрігерлік амбулатория, 50 орындық «Балбөбек» балабақшасы, клуб, кітапхана және аудандық «Ырғыз-Торғай» мемлекеттік табиғи резерватының бөлімшесі бар.

Округтегі ірі шаруашылықтың бірі — «Сермақ» шаруа қожалығы. Қожалықта 300-ге тарта ірі қара, 200 жылқы, сондай-ақ біршама қой бар.

— Биылғы жылы ірі қара санын көбейтіп жатырмыз. Жыл басында аналық сиырға субсидия алдық. Бұған дейін «Құлан» бағдарламасына қатысып, мемлекеттен 15 миллион теңге, сондай-ақ «Сыбаға» бағдарламасы бойынша 7 миллион теңге несие алған болатынбыз. Шаруашылық 2011 жылдан бастап жұмыс жасап келеді. Қазіргі кезде қысқа мал азығын дайындап, шөп шауып жатырмыз. Ауыл тұрғындарын да жем-шөппен қамтамасыз етеміз. Қожалықта 7 адам жұмыс істейді. Олардың қатарында механизатор, малшы, жұмысшылар бар. Бір айта кетерлігі, қазіргі таңда мал бағу, шөп шабу жұмыстарына ауыл тұрғындары, жастар жұмысқа келгісі келмейді.«Мал баққанға бітеді» демекші, малдың санын көбейту, оның өнімін сату — көп жұмыс. Сондықтан еңбектенген адам ғана шаруашылықты дамыта алады, — дейді қожалық басшысы Октябрь Ипанов.

Қожалықтың қыстауы ауылдан 35 шақырым жерде орналасқан. Баз аумағында жарық жоқ. Шаруа суды ұңғыма қазып, алып отыр. Алдағы уақытта ол ірі қара санын көбейтіп, мал тұқымын ет бағытында дамытқысы келеді.

Д.ҚАЗИХАН.

По сообщению сайта Ақтөбе газеті

Поделитесь новостью с друзьями