Новости в социальных сетях

Подпишитесь на нашу группу и читайте анонсы самых интересных новостей в любимой соцальной сети

ВКонтакте Одноклассники Facebook Twitter

11 тамыз — Құрбан айттың бірінші күні

Дата: 06 августа 2019 в 12:32 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


11 тамыз — Құрбан айттың бірінші күні

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы биылғы Құрбан айт мерекесінің тамыз айының 11-і күні басталатынын хабарлады.

Астрономиялық тұрғыдан Айдың тууы бейсенбі күніне, яғни 1 тамызға сәйкес келеді. Ал, 2 тамыз зулхиджа айының бірінші күні болып саналады.

Арапа күні 10 тамызға сәйкес келеді. Арапа — қажылар Арафа жотасында құлшылық ететін күн.

Қажылыққа бармаған мұсылмандар үшін арапа күні ауыз бекіту – мұстахап (жағымды) амал. Әбу Қатадан жеткен хадисте: «Арапа күнінің оразасы өткен және келер жылдардың күнәларына кәфәрат (кешірім) болады…»,—делінген.

Жағдайы бар мұсылманның құрбан шалуы — уəжіп (міндет). Құрбандыққатүйе, сиыржəнеқой (ешкіде) шалынады. Құрбандықмалыайтнамазынанкейінайттыңүшіншікүнікүнбатқанғадейіншалынады.

Құрбандық етін үшке бөліп таратуға болады. Бір бөлігі— өзіне қалады, екінші бөлігі— ағайын-туыс, көршілерге беріледі, үшінші бөлігі көмекке мұқтаж кісілерге таратылады.

muftyat.kz сайтынан.

По сообщению сайта Ақтөбе газеті

Поделитесь новостью с друзьями