Новости в социальных сетях

Подпишитесь на нашу группу и читайте анонсы самых интересных новостей в любимой соцальной сети

ВКонтакте Одноклассники Facebook Twitter

Менторлық қозғалыс: жаңа жоба жастарға жол сілтейді

Дата: 01 августа 2019 в 09:32 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Менторлық қозғалыс:  жаңа жоба жастарға жол сілтейді

Бүгінде облыста менторлық қозғалысты дамыту мақсатында облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының базасында менторлық орталық жұмыс жасап жатыр. Қазір мұнда менторлар жастардың мамандық таңдап, өмірлік жолын табуға, кәсібилігін арттыруға, өз-өзін жан-жақты дамытуға менторинг әдісі арқылы қолдау көрсетіп, жүйелі жұмыстар жүргізуде. Менторлардың қызметі қандай? Жалпы менторлық қозғалыс жастарға не береді? Осы және өзге де сауалдар төңірегінде мамандармен тілдескен едік.

Менторинг — жастарды қолдаудағы ең тиімді әдіс

Қазіргі таңда менторинг әдісі — тиімді құралдардың бірі. Бұл әдісті өз бетінше оқу және дамуды қолдауды күшейту мақсатында пайдаланады. Сондай-ақ менторинг тікелей кеңес беруді және дайын кеңес үлгілерін ұсынуды қарастырады. Менторинг коучингтік техниканы да қамтиды. Ментор жұмысының негізгі құралдарына ашық сұрақтар, кеңес беру сияқты коучингтің әдістері жатады.

Облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Нұрлан Күнтуовтың айтуынша, ментор ментиге туындаған мәселені шешуге мүмкіндік беретін ресурстар көзінтолық пайдалануға көмектесіп, оған бағыт-бағдар береді. Ал барлық шешімдер мен жауапкершілік ментиге жүктеледі. Яғни менти ментор берген ақпаратты қаншалықты қолданатынын өзі шешеді.

Оның айтуынша, аталған семинар-тренингке облыстың атынан қатысқан, алайда қызмет бабына байланысты бүгінде Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларында жұмыс жасап жүрген ақтөбеліктер де бар. Олардың дені кәсіпкерлік саласында жұмыс жасайды. Алдағы уақытта олар да ментилерді даярлайтын болады.

Айта кету керек, биыл қыркүйек айында облыс орталығында еліміздің батысөңірі бойынша менторлардың басқосуы өтеді. Оған Атырау, Ақтау, Орал және Ақтөбе қалаларынан белсенді жастар мен менторлар қатысып, өзара тәжірибе алмасады.

Аталған шарада менторлар шілде-қыркүйек айларында жасаған жұмыстары мен жетістіктерін саралап, есеп береді. Сондай-ақ аталған шараға өзге өңірлерден белгілі тренерлер мен менторлар келіп қатысады.

— Бұл шараның өңірдің жастарына берері көп. Және, ең тиімдісі, ауқымды екі күндік іс-шара аясында ұйымдастырылатын тренингтердің барлығы тегін. Егер жастар Илья Шмелев сияқты халықаралық деңгейдегі менторлардың тренингтеріне қатысқысы келсе, оларға көп қаражат жұмсайды. Ал бұл екі күндік шара аясында өткізілетін семинар-тренингтерден жастар көп мағлұмат алып, бір-бірімен пікір алмасатын болады. Ең негізгісі, бұл шараға қатысқан, алдына мақсат қойған әрбір жас ертеңге жоспар құруға, уақытын тиімді пайдалануға үйренеді. Ал жұмыссыз, оқусыз жүрген жастар өзгелерден қалмай, еңбек етуге талпынады, — дейді басқарма басшысы.

 «Ақтөбенің» анықтамасы

Ментор — өз еркімен тәжірибесімен бөліскісі келетін, қамқорлығындағы адамның өмірлік іс-әрекетіне тікелей кіріспей, сондай-ақ оның тұлға ретіндегі орнын баспай, жеке және кәсіби мақсаттарына жетуіне көмектесуге дайын адам. 

«Ментор» ұғымы грек мифологиясынан алынған. Мәселен, өзінің аңыздағы саяхатына аттанар алдында Одиссей кішкентай ұлы Телемахты ең жақын досы – Ментордың бауырына салып, асырауға қалдырады. Содан бері Ментор атауы құнын жоғалтпай, ең сенімді адам ретінде қабылданады. Ментор — өзара сенімділік жағдайында неғұрлым тәжірибелі адам ретінде өзінің білімімен бөлісуге дайын тұратын тұлға.
Менти — өмірден өзіне не керектігін білетін, алдына мақсат қойған, менторинг әдісі арқылы өз деңгейін, білімін, кәсібін дамытуға ниеттенген жас.

Облыста 8 ментор бар

Жоба аясында менторлар 10 тамыздан бастап толық жоспар бойынша ментилермен жұмыс жүргізбек. Бүгінгі күні облыс бойынша 8 ментор әр бағыт бойынша жастармен байланыс орнатуда.

Орталықта жұмыс жасайтын ментор Нұрбақыт Алтынбекқызы бүгінде менторинг әдісі бойынша жастарға бағыт-бағдар беріп, жан-жақты жұмыс жүргізіп жатыр. Бүгінде оның қарамағында бір менти бар. Тәжірибелі маман менторларға арналған бағдарлама аясында Grow-коучинг, Smart әдістері, сондай-ақ сұрақ-жауап бойынша ментимен жеке жұмыс жасап жатқанын айтады.

Ал ҚР Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясы филиалының доценті, ментор Раушан Есбергеннің айтуынша, менторинг әдісі серіктестік қарым-қатынасты және дұрыс сұрақтар қою арқылы ментидің әлеуеті мен ресурстарына сенім артуды қарастырады. Бұл әдіс арқылы ментор ментиге кеңес бере отырып, өзінің тәжірибесімен бөліседі.

— Ментордың міндеті — ментиді ағымдық жағдайға және болашақ жоспарларға бағыттау. Менти мен ментор тең, бір-бірінің көзқарасын сыйлайды, бір-бірін сынамайды. Ментор ментидің қажеттілігіне қарай жұмысын бейімдейді және ментиге маңызды сұрақтарға басымдық береді. Менторинг әдісі екі жақты мотивациялауға негізделеді. Сондықтан өңірдегі жастарды ынталандыру жұмысын жүргізу үшін оқытылған менторларменти болам деуші 14-29 аралығындағы жастарды Ақтөбе қаласы Сәңкібай батыр даңғылы 20/а мекенжайына шақырамыз.Өздерінің өмірлік жолдарын табуда, кәсібилігін арттыруда, тұлғалық дамуы мен өзін-өз тануларында менторинг әдісін меңгеремін деген жастарды біз асыға күтеміз. Ал үздік жұмыс жасаған ментилер жоба аясында сертификаттарға ие болады, — дейді ол.

Айта кету керек, тамыз айынан басталған жобаның қорытындысы бойынша өзінің білімімен, біліктілігімен, тәжірибесімен көзге түскен ментилер Нұр-Сұлтан қаласында өтетін республикалық форумға облыс атынан делегация ретінде қатысады. Ал үздіктерді іріктеу орталықтағы менторларға жүктеледі.

Нұрай — ең жас менти

«Ақтөбе жастары» еріктілер клубының мүшесі, белсенді жас Нұрай Нұрбай — аталған жоба аясында ментормен жұмыс жасап жатқан ең жас менти. Ол бұл жоба туралы облыстық жастар ресурстық орталығында ұйымдастырылған Ашық есік күні аясында білген. Бүгінде Нұрай ментор Нұрбақыт Алтынбекқызымен бірігіп жоспар құрып, менторинг әдісі арқылы жұмыс жасауда.

—Алдағы уақытта ментор Нұрбақыт Алтынбекқызымен апта сайын кездесіп, бағдарлама аясында тапсырмаларды орындап, бірлесіп жұмыс жасайтын боламыз. Мен алдағы уақытта өз білімімді жетілдіріп, жастарға арналған жобаларға қатысқым келеді. Бұл жоба менің көңілімнен шықты. Себебі біз сияқты кез келген жасқа жол көрсететін, білім, өнер, кәсіпкерлік салаларында үлгі болатын тәлімгер керек. Сондықтан мен облыс жастарын осы жобаға қатысып, менти болуға шақырамын,— дейдіНұрай.

Айта кету керек, Нұрай келер жылы орта мектепті бітіріп, жоғары оқу орнына түспекші. Талантты жастың алға қойған мақсаты айқын, жоспары көп.

Данагүл ҚАЗИХАН.

По сообщению сайта Ақтөбе газеті

Поделитесь новостью с друзьями