Новости в социальных сетях

Подпишитесь на нашу группу и читайте анонсы самых интересных новостей в любимой соцальной сети

ВКонтакте Одноклассники Facebook Twitter

Облыс басшысы Мұғалжар, Мәртөк, Алға аудандарының әкімдерін қабылдады

Дата: 27 июля 2019 в 12:32 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Облыс басшысы Мұғалжар, Мәртөк, Алға аудандарының әкімдерін қабылдады

Облыс әкімі Оңдасын Оразалин Мұғалжар, Мәртөк, Алға аудандарының әкімдерін жеке қабылдап, биылғы бірінші жартыжылдықта атқарған жұмыстарын тыңдады. Облыс басшысы Президент тапсырмалары бойынша тұрғындардың тұрмыс деңгейін арттыру бағытында жұмыстарды жандандыра түсу қажеттігін айтты. Сондай-ақ, Ақтөбе өңірінің агломерациясын дамыту бірнеше аудан мен моноқалалардың экономикалық дамуына ықпал ететіндігін жеткізді.

«Ақтөбе агломерациясын дамыту Қарғалы, Мәртөк, Мұғалжар, Хромтау аудандарының, Алға, Қандыағаш, Хромтау шағын қалаларының және 31 елді мекеннің әлеуметтік-экономикалық дамуына серпін береді»,— деп атап көрсетті облыс басшысы.
Мұғалжар ауданының әкімі Асқар Шерияздановқа энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, экономика және бюджеттік жоспарлау басқармаларымен бірлесіп, Бесқоспа ауылындағы электр энергиясын жүргізуге, Үшқұдық ауылындағы жол құрылысына жетіспейтін қаражатты бөлу мәселесін қарауды тапсырды.
Мәртөк ауданының әкімі Ермек Кенжеханұлына облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасымен бірлесіп, Хазірет ауылына баратын аудандық маңыздағы жолды облыстық маңызы бар жол мәртебесін беру ұсынысын енгізуді, Құмсай ауылындағы бос тұрған тұрғын үйлер мен әкімшілік ғимаратты сатып алу бойынша мәселені тиісті органдармен қарап, кезекте тұрған азаматтарға беру мәселесін қарастыру қажеттігін айтты.
Алға ауданының әкімі Мамырғали Аққағазовқа облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасымен бірлесіп, Амангелді және өзге де ауылдарына газ жеткізу туралы ұсыныс енгізуді, Үшқұдық, Қарақұдық, Бесқоспа және Маржанбұлақ ауылының «Батыс» жаңа тұрғын үй салу массивтеріне су құбырларын тартуға жобалау-сметалық құжаттарын дайындау үшін қаражат бөлу туралы ұсынысты экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына беруді тапсырды.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

По сообщению сайта Ақтөбе газеті

Поделитесь новостью с друзьями