Новости в социальных сетях

Подпишитесь на нашу группу и читайте анонсы самых интересных новостей в любимой соцальной сети

ВКонтакте Одноклассники Facebook Twitter

Ақтөбе қаласы әкімінің екі орынбасары тағайындалды

Дата: 27 июля 2019 в 12:22 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Ақтөбе қаласы әкімінің екі орынбасары тағайындалды

Ақтөбе қалалық мәслихаттың кезектен тыс сессиясында Ақтөбе қаласының әкімі Мавр Абдуллиннің өкімімен қала әкімінің орынбасары болып Жангелді Әубәкіров және Гүлназ Сисенова тағайындалды, — деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметі.

* * *

Жангелді Елеусізұлы Әубәкіров 1979 жылы дүниеге келген. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін экономист-менеджер біліктілігі бойынша, Қазақ гуманитарлық заң университетін заңгер  біліктілігі бойынша аяқтаған.

«Желдорстрой» ААҚ экономисі, Қазақстан Халық банкі Ақмола облысы бойынша филиалының маманы, аға маманы, «KOMIRBANK» ААҚ бас маманы, «Наурыз Банк Қазақстан» ААҚ жетекші маманы, ҚР Көлік және коммуникациялар министрлігінің бас маманы, ҚР Сыртқы істер министрлігінің референті, «Атлант Инжиниринг» ЖШС менеджері, заңгері, атқарушы директоры,  «Корпорация Ойсылқара» ЖШС директоры, «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ бас менеджері, «Ақ Бидай-Терминал» АҚ төрағасының орынбасары, бірінші орынбасары болып қызмет атқарды.

Осы лауазымға тағайындалғанға дейін Ақтау қаласы әкімінің орынбасары болып қызмет атқарды.

* * *

Гүлназ Сағынқызы Сисенова 1981 жылы дүниеге келген. Білімі жоғары, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін экономист-қаржыгер біліктілігі бойынша аяқтаған.

Алға ауданы салық комитетінің жетекші салық инспекторы, Ақтөбе облысы қаржы басқармасының жетекші маманы, бас маманы, бөлім басшысы, басқарма басшысының орынбасары, Алға ауданы әкімінің орынбасары, Ақтөбе облысы мемлекеттік сатып алулар басқармасының басшысы болып қызмет атқарды.

Осы лауазымға тағайындалғанға дейін Ақтөбе облысы қаржы басқармасының басшысы болып қызмет атқарды.

По сообщению сайта Ақтөбе газеті

Поделитесь новостью с друзьями