Новости в социальных сетях

Подпишитесь на нашу группу и читайте анонсы самых интересных новостей в любимой соцальной сети

ВКонтакте Одноклассники Facebook Twitter

«Жас кәсіпкер» жобасы бастау алды

Дата: 27 июля 2019 в 12:02


«Жас кәсіпкер» жобасы бастау алды

Бұл — іскер жастарға арналған жаңа жоба. Аталған жоба бойынша жұмыссыз және өзін-өзі жұмыспен қамтыған жастарды, көпбалалы отбасы мүшелерін, еңбекке жарамды мүгедектерді  оқыту басталды.

Жоба «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасыаясында «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасыбастамасымен жүзеге асырылып отыр. Оқыту ұзақтығы — үш апта. Оқу кезеңіне шәкіртақы төленеді. Оқу аяқталғаннан кейін сертификат беріледі. Сертификат 200 айлық есептік көрсеткішке (505 мың теңге) дейінгі сомада грант алуға конкурсқа қатысуға құқық береді. Сонымен қатар төмен пайызда несие аламын деушілерге қаржылық сүйемелдеу жасалады.

Облыстық кәсіпкерлер палатасы мамандарының айтуынша, жобаға қатысушылар арасында іріктеу тест 22-23 шілдеде өтті. Облыс бойынша шамамен 700 өтінім түсіп, жобаның бірінші легіне 623 адам өткен. Оның 149-ы — Ақтөбе қаласының азаматтары.

—Жастар жылында кәсіпкерлер палатасы жұмыссыз, тұрақты табысы жоқ  18-29 жас аралығындағы жігіттер мен қыздарға арналған «Жас кәсіпкер» жобасын жүзеге асырмақ. Аталған жоба «Бастау» жобасына ұқсас, онда оқытудың құрамдас бөліктері қамтылып, әр стартапты танымал бизнес-тренердің жеке сүйемелдеуі қарастырылған. Осы жоба арқылы жастар іскерлік бойынша жаңа білім мен дағдыларды меңгеріп, нәтижесінде жеке кәсіп аша алады. Жобаға қатысқан жастар бизнес ашуға алғашқы капитал ретінде грант немесе жеңілдікпен қаржыландыруға мүмкіндік алады. Бүгінгі күні Ақтөбе қаласы мен аудан орталықтарында оқу топтары құрылды.Мұнда іш пыстыратын дәрістер және ескірген деректерге орын жоқ. Шынайы кейстер және үздік бизнес-тренерлер ұсынған шеберлік сабақтары, сондай-ақ кәсіпкерлік ортаға терең бойлау бар, — деді бизнес-жаттықтырушы Нұрзат Жәкиев.

Оқу барысы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы әзірлеген материалдар, тәжірибелік жаттығулар, кейстер, нарықтық экономика жағдайында кәсіпкерлік қызметті жүргізуде белгілі бір түсініктер мен біліктіліктерді жүйелеуге арналған іскерлік ойындарды қолдану арқылы жүргізіледі. Ісін жаңадан бастаған кәсіпкерлер үшін білімнен басқа, «Атамекен» филиалдық желісі арқылы іске қосылған стартап-жобаларды одан әрі сүйемелдеу қарастырылған.

Бір айта кетерлігі, «Жас кәсіпкер» жобасында бизнес-жаттықтырушының міндетіне жастарды кәсіпкерлік негіздеріне оқыту, қаржыландыруды алуға жәрдемдесу, қаржыландыруды алғаннан кейін іске асырылған бизнес-жобаларды сүйемелдеу, қалалар мен аудандарда маркетингтік зерттеу жүргізу, жобаға қатысушылар мен басқа кәсіпкерлік субъектілері арасында экономикалық байланыстарды одан әрі орнату үшін бастапқы ақпаратты жинау міндеті кіреді.

Сондай-ақ оқыту барысында тыңдаушылардың көшбасшылық қабілеттерін қалыптастыру және психологиялық диагностикалау үшін сарапшы-психологтар тартылатын болады.

Ақтөбе облысы бойынша осы жобаны жүзеге асыру барысында шамамен 1100 адамды қамту және оларды белсенді кәсіпкерлікке тарту көзделген.

Мамандардың айтуынша, аталған жобаға қатысуға ниет білдірушілер жұмыспен қамту орталығына немесе «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының +7 (7132) 744-618 (ішкі желі:1514) байланыс телефонына хабарласа алады.

 Арайлым НҰРБАЕВА.

По сообщению сайта Ақтөбе газеті

Поделитесь новостью с друзьями