Новости в социальных сетях

Подпишитесь на нашу группу и читайте анонсы самых интересных новостей в любимой соцальной сети

ВКонтакте Одноклассники Facebook Twitter

«Әнсымақ пен етегін ашқан ессіз клиптер». Танымал әнші өнердегі әріптестеріне өкпесін айтты

Дата: 27 июля 2019 в 01:03 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша



Танымал әнші Саят Медеуов өнердегі әріптестеріне өкпесін айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Әнші әсіресе жастарға өкпелеген екен. Оған себеп, өзінің айтуынша, «өзге ұлттың сөзін олжа көріп шатасқан әнсымақ пен етегін ашқан, ессіз клиптерін» жарнамалап беруді сұрайтындар екен.

«Құрметті әншілер, соның ішінде кейінгі жастар! Әндеріңіз бен бейнебаяндарыңызды инстаға жарнамалап берші деп өтініш жасарда сәл ойланыңыздаршы. Сөзінен сән қашқан, өзге ұлттың сөзін олжа көріп шатасқан әнсымақ пен етегін ашқан, ессіз клиптеріңізді жарнамалаудан ұялып біттім. Онсызда танымал мен талантты ажырата алмай жүрген ағайынның санасын уламайықшы. Мені тыңдайтын азғантай ғана тыңдарманымның талғамына сай дүние ұсынғым келеді. Біздің алшаң басып жүргеніміз осы Алаштың арқасы. Ендеше, елге деген адалдықты аялап, өнердің биік тұғырын аласартпай өмір сүрейікші. Құрметті әріптестер түсінесіздер деп ойлаймын», — деп жазды Саят Медеуов Instagram желісіндегі парақшасында.


Саят Медеуовтің жазбасынан скриншот. © instagram.com/sayatm077

Әртістің 124 мың фолловері бар парақшасында көбіне әндер жарнамаланады. Ол анда-санда өнердегі әріптестерімен бірге түскен суреттерін де жариялап отырады.

Осы жазбасынан кейін бір сағат өткенде Саят Медеуов жаңа әнін таныстырған видеосын жариялады. Онда әнші таспадағы әніне қосылып айтқан.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

@sayatm077 Есті ән айт,есті ән таппасаң, ескі ән айт! Деген Саят ағамыздың өз сөзі!!!????????????????????????????????????????????????✊????✊????✊???? Сөзі:Ұ Минатxан Әні: Е Мадияр @bakytkali_konysbaev @arshyn_zholdaskhan #studio #бакыткали_конысбаев #есті_ән #есті_әндер_ескірмейді☀ #есті_ән_айт_есті_ән_таппасаң_ескі_ән_айт_Саят_Медеуовтың_өз_сөзі

Публикация от Sayat Medeuov (@sayatm077) 26 Июл 2019 в 11:21 PDT

Саят Медеуов 1973 жылы 7 қарашада Жамбыл облысы Қордай ауданында туған. Әнші 1998 жылдан бастап өнер жолында, ал 2015 жылы Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері атағын алған.

Оның «Көк шолақ», «Сен көріктісің», «Алтыным», Кенен Әзірбаевтің «Бозторғай», «Қайран жастық», Халық әндері «Самал тау», Ө.Байділдаевтың «Туған жер», Е.Сыпаналиевтың «Мен сені қалай сүйгенмін» және «Саған арнадым», «Өзіңді аңсап», «Ауылым», «Әке», Қ.Бисенбаевтың «Қызға тілек» және тағы да басқа көптеген әні бар.

Айта кетейік, Медеуов 2017 жылы Алматы облысы Қарасай ауданының №14 округіне мәслихат депутаты болып сайланған еді.

По сообщению сайта TengriNews

Поделитесь новостью с друзьями