Новости в социальных сетях

Подпишитесь на нашу группу и читайте анонсы самых интересных новостей в любимой соцальной сети

ВКонтакте Одноклассники Facebook Twitter

Қалам иесіне құрмет

Дата: 23 июля 2019 в 08:32 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Қалам иесіне құрмет

Әдетте қалам иелері көпшіліктің мұңын мұңдап, жоғын жоқтағанымен, сол жолда жанкештілік танытып, игілікті істердің себепшісі болғанымен, сол тірлігіне құрмет күте бермейді. Өйткені бұл — оның азаматтық парызы, қаламгерлік міндеті.

Жарты ғасырға жуық қолынан қаламын тастамаған, журналистік жолда өзінің кәсібіне адал қызмет етіп, бүгінде жетпіс атты белеске көтерілген Қазақстан Журналистер одағының мүшесі Ұзақбай Қауыстың «Жұбановтар әлемі» орталығында өткен «Қаламым қанат бітірген» атты шығармашылық кездесуіне оның оқырмандары көптеп жиналды. Бұл сірә, оның ұзақ жылғы еңбегінің бағасы іспетті болса керек.

Шалқар ауданында туып-өсіп, іргелес Мұғалжар, Темір аудандарында ұзақ жыл жергілікті басылымдарда қызмет еткен, кейін республикалық «Халық кеңесі» газетінің меншікті тілшісі болған қарымды журналистің көтерген проблемалық мәселелері, ой салатын мақалалары әлі күнге дейін халықтың жадында.

Жетпістің биігіне көтерілген қалам иесіне облыс әкімі Оңдасын Оразалиннің құттықтау хатын Қазақстан Журналистер одағы облыстық ұйымының төрағасы, «Ақтөбе Медиа» ЖШС директоры Раукен Отыншин оқып берді. Онда журналистің облыс баспасөзіне сіңірген еңбегі, қалам қуаты арқылы халыққа қажырлы қызметі атап көрсетілді.

Содан кейін той иесіне Қазақстан Журналистер одағының Құрмет грамотасы, «Қазақ журналистикасының қайраткері» атағы тапсырылды.

Кешті жүргізген Қазақстан Республикасы Мәдениет саласының үздігі Орал Байсеңгір жиналғандар алдында қаламгер ағасының өмір жолын өрнектеп, артта қалған жылдар белесін жаңғыртуға бағыт ұстады. Бұл ретте жақында ғана әзірленген деректі фильм көп жайды қамтып, балалық пен ақсақалдық арасындағы асуларды айқындап берді.

Кездесу жиынында облыстық ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Айбек Көпенов, ардагер журналист Идош Асқар, «Әлия-Мәншүк» қоғамдық қорының төрағасы Ғалымжан Байдербес, облыс әкімдігі ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Ботағарин, облыстық басқармалар басшылары Нұрхан Кәдірбаев, Ләззат Оразбаева, Шалқар аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Қорғанбек Исаев, ардагер ұстаз Бигелді Қожа-Ахмет, «Қабақ баба» қорының төрағасы Амантай қажы Үмбетайұлы және басқалары мерейтой иесінің журналистикадағы еңбегіне кеңінен тоқталды, жүрекжарды лебіздерін білдірді.

Салтанатты сәтті облыстық филармонияның өнерпаздары, сондай-ақ «Атамекен» және «Асылым» ансамблдерінің әншілері әсем әнмен, тәтті күймен өрнектеп отырды.

 Нұрмұханбет ДИЯРОВ.

По сообщению сайта Ақтөбе газеті

Поделитесь новостью с друзьями