Новости в социальных сетях

Подпишитесь на нашу группу и читайте анонсы самых интересных новостей в любимой соцальной сети

ВКонтакте Одноклассники Facebook Twitter

«Джеки ағаның бөлмесiнде». Димаш Құдайберген атақты актермен жаңа суреттер жариялады

Дата: 22 июля 2019 в 20:03 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша



Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген атақты актер Джеки Чанмен бірге түскен суреттерін жариялады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әнші актердің бөлмесінде концерттер кейін әңгімелескен. Суреттерге қарағанда, актердің қазақстандық орындаушыға сыйлық берген.  

«Концерттен кейiн Джеки ағаның бөлмесiнде. Концерттi аман-есен аяқтап, ағамен әңгiмелесiп отырған сәт», — деп жазды Димаш Құдайберген Instagram желісіндегі парақшасында кездесуден суреттер жариялай отырып.

Джеки Чан бұрынғы кездесулерінің бірінде Димашқа күртешесін сыйға тартқан болатын.


© instagram.com/kudaibergenov.dimash

Айта кетейік, мұның алдында Димаш Құдайберген Джеки Чанның бесінші халықаралық экшн-фильмдер фестивалінің ашылу салтанатында үш бірдей ән айтқан болатын: The Crown, Screaming және Unforgettable Day. Соңғы композициясын ол тайванның танымал әншісі Терри Линмен бірге айтқан.


© instagram.com/kudaibergenov.dimash

Таяуда Димаш Құдайбергеннің репетициясынан видео жарияланған еді. Оның кадрларынан Джеки Чанның қазақстандық әртістің өнеріне тәнті болғанын көруге болады.

«Оқырмандарың үшін не істемейсің». Instagram-да жазылушысы ең көп қазақстандықтар

По сообщению сайта TengriNews

Поделитесь новостью с друзьями