Новости в социальных сетях

Подпишитесь на нашу группу и читайте анонсы самых интересных новостей в любимой соцальной сети

ВКонтакте Одноклассники Facebook Twitter

Хромтауда Иранға ірі қара экспорттайтын шаруашылық бар

Дата: 22 июля 2019 в 10:02 Категория: Новости стран мира


Хромтауда Иранға ірі қара экспорттайтын шаруашылық бар

Кеше облыс әкімі Оңдасын Оразалин жұмыс сапарымен Хромтау ауданына барды. Сапар барысында облыс басшысы бірқатар шаруашылықтарды, өндіріс орындарын аралап, тыныс-тірлігімен танысты.

Кен және кеншілер 

Аталған ауданға жақында ғана тағайындалған әкім Нағымжан Алдияровтың айтуынша,ауданның әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінде оң динамика бар. Өнеркәсіп өндірісінің көлемі былтырғы қаңтар-маусым айларында 149 200,0 млн теңге болса, биылғы сәйкесінше көрсеткіш: 156 437,4 млн теңге. Ауыл шаруашылығы, құрылыс, т.б. салаларда да айтарлықтай өсім бар.

Сапар барысында облыс әкімі Оңдасын Оразалин Yilmaden Holding компаниясының бас директоры Альп Малазгиртпен кездесу өткізді. Өз кезегінде Альп Малазгирт кәсіпорынның жұмысы, жетістіктері туралы баяндады. «Йылдырым групп» (Түркия) копаниясының құрылтайшысы — Роберт Йылдырым. Аталған компания Ақтөбедегі екі кәсіпорынның — «Восход-Oriel»» ЖШС,  «Восход-Хром» ЖШС-ның құрылтайшысы. «Восход» кен орнындағы «Восход-Oriel» ЖШС —  хром рудасын өңдеу жөніндегі тау-кен байыту комбинаты. Аталған кешен бірнеше нысанды қамтиды: жерасты кеніш-шахтасы, байыту фабрикасы, теміржол терминалы және басқа да қосымша инфрақұрылымдық бөлімшелер.

«Восход» кен орнының қоры құрамында 48,5 пайыз хром оксиді бар 19 млнтоннадан астам кенді құрайды.

2010 жылдың маусым айында жерасты кеніші-шахта пайдалануға берілді. Шахтада тау-кен қазбаларын қазудың жаңа әдістері әлемдік жетекші фирмалардың қазіргі заманғы тау-кен шахталық жабдықтарын қолдана отырып пайдаланылуда. Кеннің қапталдық шығаруымен қабатасты қиратуды игеру жүйесі еңбек өнімділігін 3 есеге арттыруға, сондай-ақ механикаландыру мен қол еңбегінің деңгейін едәуір қысқартуға, жерасты тау-кен жұмыстарының қауіпсіздігін арттыруға мүмкіндік береді.

«Восход-Oriel» ЖШС-ында800-ден астам адам еңбек етеді. Орташа жалақы —  336,8 мың теңге.

Өз сөзінде облыс әкімі Оңдасын Оразалин «Восход-Oriel» ЖШС-ның жасап жатқан жұмысына оң баға беріп, жұмыстарына табыс тіледі.

«Восход» компаниялар тобының 15 жылдық мерекесі құтты болсын. 50 жылдық мерейтойға ұласуына тілектеспін.Іскерлік қарым-қатынасымыз жалғаса беретініне сенім білдіремін. Біздің тарапымыздан әркез қолдау көмек, көрсетіле беретін болады. Проблема болса, шешеміз, кедергі шықса, жоямыз, — деді облыс әкімі.

Бұдан соң «Восход»компаниялар тобының 15 жылдығына арналған мерекелік шара өтті. Салтанатты жиын барысында облыс басшысы «Восход Ориел» ЖШС

ұжымының қызметкерлерін металлургтер күнімен құттықтап,ақ тілегін, ыстық ықыласын жеткізді.

Шара барысында бір топ металлургке облыс әкімі мен басқарушы компания директоры алғыс хаттармен бағалы сыйлықтар табыс етті.

Сапар барысында Оңдасын Оразалин «Восход Oriel» ЖШС шахталық суларды тазарту құрылғысының жұмысымен де танысты.

Жобаның қуаттылығы — 354 м3/сағ. Жалпы құны — 4,5 млн АҚШ доллары. Өндірісте түркияның «КЕТМАК» тау-кен металлургиялық секторындағы жетекші компаниялардың бірінің жабдығы қолданылады. Шахталық су ауызсу деңгейіне дейін тазартылады және рельефке түскен кезде экологияға кері әсер етпейді.

Қондырғыда ағынды су тазалаудың физика-химиялық әдісінің барлық сатыларынан өтеді.  Ағынды су коагуляция реакторына, содан кейін гидрофобизация және ақырында флокуляция реакторына түседі.

Бұдан әрі ағынды су флотациялық қондырғыға берілетін болады, онда флокулдар ауаның көмегімен судың бетіне шығады. Тазартылған су сүзгілеуден кейін дискілі сүзгіштер арқылы беріледі, одан әрі шығару алдында ол ультрафиолетті қолдана отырып, зарарсыздандырылады. Тазартылған судың бір бөлігі кәсіпорынның ішкі қажеттіліктеріне пайдаланылады. «Бұл — суды тиімді пайдалануға, үнемдеуге үлкен мүмкіндік» — дейді мамандар.

«Жантізер» өзге шаруашылықтарға үлгі болуы тиіс!

Бұдан соң облыс әкімі бастаған топ «Ақжар-Агро» ЖШС-на барды. Серіктестік директоры Қайрат Төлепбергенов шаруашылықтың жұмысы қарқынды дамып жатқанын тілге тиек етті. Мемлекет тарапынан көрсетілген қолдаудың арқасында көп қиындықты еңсеріпті. Қазір бұл шаруашылықта 76 адам еңбек етіп жатыр.

Облыс әкімі облыстағы іргелі шаруашылықтардың бірі — «Жантізер» қожалығына да барды.

Шаруашылықта 7 бөлімше бар. 7 бөлімшенің 5-еуінде қазақтың асылтұқымды ақбас сиыры өсіріледі. Қалғаны жылқы мен қой шаруашылығына арналған. Сондай-ақ шаруашылықтың мал бордақылау кешені де бар. Кешенге жергілікті шаруашылықтардан тірілей салмағымен (әр келісі 650 теңгеден) баспақтар қабылданып, үш ай бордақыланады. Шаруашылық еліміздің ет экспортын дамытуға да өз үлесін қосуда. 2-3 жылдан бері Ресей федерациясына ет экспорттаса, биылғы мамыр айынан бастап Иранға тірілей салмақта бұқа мен өгіз жіберуде.
— Ірі қаралар Иранға Ақтөбеден пойыз арқылы экспортталуда. Ирандық кәсіпкерлер малды екі арнайы вагонға тиеп әкетеді. Әр вагонға 28 малдан сыяды. Вагонда малға барлық жағдай жасалған. Жем-шөбі, суы мол. Ирандықтар ай сайын екі рет келеді. Келген сайын 56 бастан әкетіп жатыр. Негізінен 400 келі салмақтағы бұқаларды алуда (келісі 750 теңге). Бұқа демекші, бұқаларымды 102 шаруашылыққа арендаға беріп отырмын. Қазан айында жинап аламын, — дейді шаруашылық басшысы Бақытжан Ержанов.
Шаруашылықта жалпы 80-ге жуық адам еңбек етеді. Ең төменгі жалақы — 80 мың теңге. Әр 100 сиырдан 90 төл алған малшыға 1 миллион теңге сыйақы беріледі екен. Шаруашылық басқарушысы Манарбек Әбжанов басшылық тарапынан еңбегі еленіп, Ақтөбе қаласынан 2 бөлмелі пәтер берілгенін айтады.

Облыс әкімі Оңдасын Оразалин «Жантізер» шаруашылығының ісіне сүйсініп, басқа шаруашылықтарға үлгі етті.

Гүлжан БАЗЫЛҚЫЗЫ.

По сообщению сайта Ақтөбе газеті

Поделитесь новостью с друзьями

Читайте также