Новости в социальных сетях

Подпишитесь на нашу группу и читайте анонсы самых интересных новостей в любимой соцальной сети

ВКонтакте Одноклассники Facebook Twitter

«Жас кәсіпкер» — іскер жастарға арналған оқу жобасы

Дата: 22 июля 2019 в 07:42


«Жас кәсіпкер» — іскер жастарға арналған оқу жобасы

 

«Бизнеспен айналысамын деушілерге жол ашу аса маңызды. Шағын несие берудің және оқыту ісінің оң тәжірибесі негізінде барлық өңірде «Жас кәсіпкер» бағдарламасын әзірлеу қажет. Бұл жоба аясында жыл сайын білім алатын жұмыссыз жастар мен өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың санын 100 мыңға дейін жеткізген жөн».

  Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті

Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ.

 

Кәсіп ашудың жаңа мүмкіндіктері

Биыл 22шілдеден бастап өңірімізде «Жас кәсіпкер» жобасы бойынша жастар қатарындағы жұмыссыз азаматтарды тегін оқыту басталады. Оқу мерзімі — 21 күн. Бағдарламаға қатысушыларға шәкіртақы төленеді және курс бітірушілеріне сертификаттар беріледі.Сертификат 200 айлық есептік көрсеткішкедейінгі көлемде грант алып, конкурсқа қатысуға мүмкіндік береді.

— Облыстық «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы жастар арасындағы кәсіпкерлікті дамыту мен қолдауға бағытталған «Жас кәсіпкер» пилоттық білім беру жобасын іске қоспақ.

Қазақстанда  биыл Жастар жылы болып жарияланғаны белгілі. Осыған орай, Елбасымыздың тапсырмасы бойынша, Ұлттық кәсіпкерлер палатасы кәсіп бастап, өзінің бағытын тауып, табысты болғысы келетін жастарға қолдау көрсетуді қолға алды.

«Жас кәсіпкер» оқу жобасы ел ауқымында тиімділігін көрсеткен, танымал «Бастау» жобасы аясында іске асырылатын болады.

Бүгінде оқуға қабылдау әр өңірлер мен аудандарда, қаладағы жұмыспен қамту орталығында жүргізіліп жатыр. Оқуға 18 жастан 29 жасқа дейінгі жұмысқа қабілетті жас отбасы және аз қамтылған көпбалалы отбасы мүшелері қатыса алады.

Мұнда шынайы кейстер және үздік бизнес-тренерлер ұсынған шеберлік сабақтары оқытылады.

Сондай-ақ оқытудың құрамдас бөліктері қамтылып, әр стартапты танымал бизнес-тренердің жеке сүйемелдеуі қарастырылған. Осы жоба арқылы жастар іскерлік бойынша жаңа білім мен дағдыларды меңгеріп, нәтижесінде жеке кәсіп аша алады. Жобаға қатысқан жастар бизнес ашуға алғашқы капитал ретінде грант немесе жеңілдікпен несие алуға мүмкіндік алады, — дейді жобаның Ақтөбе облысы бойынша үйлестірушісі Диана Жұмабаева.

Бағдарламаны оқу барысы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы әзірлеген материалдар,тәжірибелік жаттығулар, нарықтық экономика жағдайында кәсіпкерлік қызметті жүргізуде белгілі бір түсініктерді жүйелеуге арналған іскерлік ойындарды қолдану арқылы жүргізіледі.

Бұл жобаға қатысу үшін арнайы тестілеуден өту керек, соның қорытындысы бойынша топқа іріктеу жүргізіледі.

Жобаға қатысушылар арасында алғашқы іріктеу кезеңі  22 шілдеде өтеді.Ал оқудың екінші легіне іріктеу кезеңі 13 тамызға дейін жалғасады.

Сондықтанқызығушылық танытқандар өңірлік «Атамекен» кәсіпкерлер палатасына және тұрғындарды жұмыспен қамту орталығына жүгініп, өтініш пен сауалнама толтыруы керек. Өзімен бірге жеке куәліктің көшірмесі, мекенжай анықтамасы болуы керек.

Байланыс телефоны: +7 (7132) 744-618 (ішкі нөмір:1514).

Жастарды жұмыспен қамтудың жолдары

Ақтөбе қалалық жұмыспен қамту орталығының берген мәліметтеріне сүйенсек, Жастар жылына орай, қала бойынша биыл 8000 жасты жұмыспен қамту жоспарланып отыр.

Жастар үшін «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы аясында тұрақты және әлеуметтік жұмыс орындары, қоғамдық жұмыстар, қысқа мерзімді қайта даярлау курстары, сондай-ақ өз кәсібін ашу және кеңейту мақсатында шағын несие алу жолдары қарастырылған.

Биылғы жылдың 1 шілдесіне дейін аталған бағдарлама аясында 3135 жас жұмыспен қамтылды.

Ақтөбе қалалық жұмыспен қамтуорталығы директорының орынбасары Алтынай Маханованың айтуынша, «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы негізгі үш бағыттан тұрады.

Біріншісі — жұмыссыздарды еңбек нарығына қажетті сұранысқа ие мамандықтар бойынша қысқа мерзімді кәсіби оқыту курстарына бағыттау.

— Биылғы жылы өз ісін бастаушыларға қосымша 56 грант бөлінді. Оның 37-сі көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға арналған. Ал 19-ы биылғы Жастар жылына орай жас кәсіпкерлерге қарастырылып отыр. Бұл гранттарға қатысу үшін қайта даярлау курсынан өтуі немесе «Бастау-бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздерін оқуы  шарт. Алдымен олар өз бизнес-жоспарларын құрады. Біз құжаттарын жинақтап, облыстық «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасына жібереміз. Әрі қарай комиссияда қаралатын болады. Шағын несие «Даму қоры арқылы 6 пайызбен беріледі, — дейді Алтынай Маханова.

Бағдарламаның екінші бағыты бойынша биыл 114 адамға өз істерін ашуға немесе кеңейтуге шағын несие, грант беру жоспарланып отыр.

Сондай-ақ үстіміздегі жылы 37 бағдарлама қатысушысына 392,7 миллион теңге шағын несие берілді. Оның ішінде 4 жас «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры арқылы несие алды. Олар үйлену тойына арналған шатырларды жалға беру,  медициналық орталыққа құрал-жабдықтар алу және жүк тасымалымен айналысуға бағытталған кәсіпкерлік түрлерін ашты.

Ал бағдарламаның үшінші бағыты шеңберінде  биыл 625 түлек «Жастар тәжірибесіне» жіберілді.  Сонымен қатар әлеуметтік жұмыс орындарына  216 адам бағытталса, оның ішінде жастар саны — 67. Қоғамдық жұмыстарға 380 жас орналасты.

«Гүлдене бер, туған ел!» акциясы аясында жоғары сынып оқушылары мен студенттер жазғы демалыс кезінде қаланы абаттандыру және көгалдандыру жұмыстарына бағытталды. Аталған акция оқушылар мен студенттердің бос уақытын тиімді пайдалану және қаражат табу мақсатында үлкен септігін тигізуде. Жыл сайын бұл акцияға жоғары оқу орны мен колледж жастары белсенді түрде қатысуда.

Биыл тұрақты жұмыс орнына 4686 адам жолдама арқылы бағытталса, оның 2158-і — жастар.

Тіркелмеген жұмыссыз, нәтижесіз  өзін-өзі қамтушылар санатындағы адамдарды жұмыспен қамту шараларына қатыстыру мақсатында жұмыспен қамту орталығы халық көп шоғырланатын жерлерде, қала базарларында, сауда және халыққа қызмет көрсету орталықтарында,т.б. жерлерде ақпараттық-түсіндірме жұмыстарын жүргізуде.

Қалалық жұмыспен қамту орталығының өкілдері Ақтөбе ферроқорытпа зауыты,  «Ақтөбе Фудс» ЖШС, «Ақбұлақ» АҚ жұмысшылары мен мектептердегі жоғары сынып оқушылары арасында кәсіптік бағдар беру мақсатында кездесулер өткізді.

Биылғыжылдың осы кезеңінедейін 8 бос жұмысорындаржәрмеңкесіұйымдастырылып, нәтижесінде 289 жасжұмысқаорналасты.

Ақбота ҚАЛДЫБЕК.

По сообщению сайта Ақтөбе газеті

Поделитесь новостью с друзьями