Новости в социальных сетях

Подпишитесь на нашу группу и читайте анонсы самых интересных новостей в любимой соцальной сети

ВКонтакте Одноклассники Facebook Twitter

1260 шетелдік азамат жауапкершілікке тартылған

Дата: 22 июля 2019 в 07:02


1260 шетелдік азамат жауапкершілікке тартылған

№8 Пацаев сайлау округінің депутаты Дмитрий Довматенконың төрағалық етуімен облыстық мәслихаттың депутаттық өкілеттіктер мен этика, заңдылық, құқық тәртібі мәселелері және жұртшылықпен жұмыс жөніндегі тұрақты комиссиясының кеңейтілген отырысы өтті.

Оған облыстық мәслихаттың хатшысы Сәния Қалдығұлова, тұрақты комиссияның мүшелері, облыстық мәслихаттың депутаттары, облыстық басқармалар мен департаменттердің басшылары қатысты.

Жиында «Облыстағы көші-қон бақылауын қамтамасыз ету шаралары және олардың жай-күйі туралы» мәселесі бойынша облыстық полиция департаментінің көші-қон қызметі басқармасы басшысының міндетін атқарушы Ертас Бисенов хабарлама жасады.

Оның айтуынша, облыстың көші-қон қызметі бөлімшелеріне биылғы жылдың сәуір айында 20615 шетелдік тіркелген, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда бұл көрсеткіш 13,7%-ға төмен, оның ішінде алыс шетелдерден — 598, ТМД елдерінен 20017 адам келген.

Өткізілген шаралар нәтижесінде, көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылғандың саны—1260шетелдік азамат, Қазақстан Республикасы аумағынан қуылғандар саны — 320адам.

Айта кету керек, биыл көші-қон саласындағы Қазақстан Республикасы Заңнамасын бұзғаны үшін шетелдіктерді және АЖТ қабылдайтын жеке немесе заңды тұлғалар (қабылдаушы тарап ҚР ӘҚБ Кодексінің 518-бабы) әкімшілік жауапкершілікке тартылғандар саны — 160, көрсеткіш 4,6 %-ға ұлғайған. Сондай-ақ шетелдік жұмыс күшін тарту мен қолданудың ережелерін бұзғаны үшін (ҚР ӘҚБ Кодексінің 519-бабы) Қазақстанның 73 азаматы әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Биылғы жылдың 6 айында 68 қылмыс тіркелген. Атап айтсақ, оның 36-сы шетелдік азаматтардың қатысуымен, ал 32-сі шетелдік азаматтарға қатысты болып отыр.

Ертас Бисенов өз сөзінде көші-қон заңнамасын бұзу деректерін болдырмау, алдын алу деңгейін арттыру мақсатында облыстың ішкі істер органдары «Мигрант» және «Нелегал» республикалық жедел алдын алу іс-шараларын жүргізгенін атап өтті.

Оның айтуынша, алдын алу іс-шараларының негізгі мақсат-міндеттері — заңсыз көші-қон арналарының жолын кесу, Қазақстан Республикасы аумағында заңсыз еңбек қызметімен айналысатын шетелдіктерді анықтау, республика аумағында шетелдіктерге бақылауды күшейту, Қазақстан Республикасы азаматтарының республика аумағында шетелдік жұмыс күшін тарту және пайдалану мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы Заңдарының талаптарын сақтауы, мемлекеттік шекарадан заңсыз өту, оларды ұйымдастырушылардың және шетелдік күштерді пайдалану ережелерін бұзу деректерін анықтау.

Отырыста облыстық мәслихаттың депутаттары басқарма басшысына өз сауалдарын қойып, сын-ұсыныстарын айтты.

Күн тәртібіндегі екінші мәселе — «Ақтөбе — адалдық алаңы» жобасының қызметі туралы» бойынша «Ақтөбе — адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы Мұхтарита Сағындықова хабарлама жасады.

Оның айтуынша,кеңсе биылжыл басынан бастап Елбасының Жолдауында берілген тапсырмаларға сәйкес өз жұмысын бастаған. Жобаның негізгі мақсаты — сыбайлас жемқорлықты жою, азаматтарға қолайлы жағдай жасау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру.

Жоба бүгінде облыста білім, денсаулық сақтау, халықты әлеуметтік қорғау, сәулет және жер қатынастары, құқық қорғау салаларына қатысты жұмыс жасауда.

Отырыс соңында комиссия мүшелері қаралған мәселелер бойынша тиісті қаулы қабылдады.

Д.ҚАЗИХАН.

По сообщению сайта Ақтөбе газеті

Поделитесь новостью с друзьями